Гомофазалыреакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
Гетерофазалы реакцялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық
заттар жəне реакция өнімдері əртүрлі фазада болады.
17. Гетерогенді химиялық процестер. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г-Қ) жүйесіндегі процестер.
Гетерогенді деп реагенттері әр түрлі фазаларда болатын химиялық-технологиялық үрдістерді айтады. Мысалы, екі фазалы жүйелер: газ – сұйық (Г – С), газ – қатты дене (Г – Қ), сұйықтық – сұйықтық (араласпайтын) (С – С), сұйықтық – қатты дене (С – Қ) және қатты дене – қатты дене (Қ – Қ).
Өндірісте жиірек кездесетін жүйелері: Г – С, Г – Қ, С – Қ.
Өндірістік тәжірибеде гомогендіге қарағанда, гетерогенді үрдістер көбірек тараған. Әдетте үрдістің гетерогенді сатысы диффузиялық сипатқа ие болады, ал химиялық реакция газды немесе сұйық ортада гомогенді өтеді. Бірақ бірқатар өндірістерде үрдістің жалпы жылдамдығын анықтайтын Г – С, Г – Қ, С – Қ шекарасында гетерогенді реакциялар жүреді.
Химия өнеркәсібінде Г-Қ жүйесінде каталитикалық емес үрдістер кең қолданылады. Оларға қатты сорбенттерде газдардың абсорбциясы мен десорбциясы, қатты заттарды буландыру және буларын конденсациялау, қатты отынның пиролизі, қатты материалды әртүрлі күйдіру түрлері жатады. Г-Қ жүйелері үшін қатты материалдарды күйдіру және адсорбция үрдістерінн сипаты жақын. Кейбір өндірістік Г-Қ жүйелердегі жоғары температуралық үрдістер автоклавтарда, жанасу аппараттарда, қазандарда, буландыру аппараттарында және т.б. жүргізіледі.
Г-С жүйесіндегі химиялық гетерогенді процестерінде реакциялар негізінен сұйық фазада жүреді, реакция газ тәрізді реагентті оның газдағы диффузиясы және сұйықтықта еруі арқылы жеткізеді. Г-С жүйесі үшін абсорбциялық және десорбциялық процестер барынша тән.
Гетерогенді жүйеде С-К реакция үшін рециркуляциялық сорғысы бар автоклав типті реакторды пайдаланады. Бұл реактор процесті жүргізу кезінде механикалық араластыру мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Әдетте мұндай автоклав жоғары қысым мен температурада жұмыс істейді.