Пластамассалар қарапайым (тол-тырылмаған) жəне күрделі (толтырылған) болып екіге бөлінеді: Күрделі пластмасса – байланыстырғыш шайырдан толтырғыштардан, пластификаторлардан, тұрақтандырғыштардан, майлағыштардан, пигменттерден, бояулардан, қатайтушылардан құралған композициялық материалдар. Аталған компоненттердің əрқайсысы пластмассаға ерекше қасиет береді.
Толтырғыштар – пластмассаның беріктілік отқа, суға, ыстыққа
төзімділік қасиеттерін жақсарту үшін қосатын зат. Сонымен қатар
пластмассаның сыртқы түрін жақсартып, диэлектрикалық қасиетін
жоғарылатады. Толтырғыш ретінде арзан органикалық жəне
минералдық қосылыстар, көбіне: ағаш ұны, қара күйе, целлюлоза, тоқыма қалдықтары, шыны талшықтары, қағаз, асбест, графит, слюда қолданылады.
Пластификатор – композицияның жоғары температурада
пластикалық қасиетін арттыратын, дайын бұйымның аязға төзімділік
жəне иілгіш, жұмсақтық қасиеттерін арттыратын органикалық заттар.
Пластификатор ретінде қайнау температуралары жоғары сұйықтар
қолданылады. Көбіне кастор майы, фталь эфирлері немесе орта фос-
фор қышқылы қолданылады. Композиция құрамында пластификатор
тым көбейіп кетсе полимерді созғанда жəне қысқандағы беріктілігін
төмендетеді, бірақ соққыға төзімділігін арттырады.
Бояулар – дайын пластмасса бұйымдарға қажетті түр беру үшін
қолданылады. Бояу ретінде ыстыққа жəне жарыққа төзімді органикалық
жəне минералды заттар қолданылады.
Қатайтушылар – макромолекулаларды өзара тігу арқылы полимердің
сызықша тізбекті құрылысын кеңістік құрылысқа айналдыруға қажетті
зат. Осының нəтижесінде ерімейтін, қатты полимер алынады. Мұндай
процестерге мысалы ретінде полиэпоксидті шайырды диаминдермен
қатайту жəне каучуктерді күкіртпен вулканизациялау қарастыруға бо-
лады. Қатайтушылар ретінде уротропин, дикарбон қышқылдарын, диаминдерді, қанықпаған мономерлерді жəне т.б. заттарды қолданады.