Полимерлердің медицинада қолданылуы Қазіргі уақытта хирургияда келесі әдістер үшін полимерлерден жасалған материалдар кеңінен қолданылады:
жүрек-тамыр жүйесі элементтерінің зақымдануы;
сүйек пен буын элементтерін ауыстыру;
сіңірлерді, жұмсақ тіндерді протездеу;
резекцияланған (бөлінген) терілерді қосу;
терінің зақымдануы;
тістің зақымдануы;
хирургиялық тігістер жүргізуде
көру және есту органдарының зақымдалуы кезінде
Полиметилметакрилат Қазіргі уақытта полиметилметакрилат біздің елімізде және шетелде медицина саласында кеңінен қолданылады. Ол жүрек клапандарын, қан тамырларының протездерін, мұрын қуысының, өңештің, асқазанның, мочевинаның, өт жолдарының түтікшелерін, көз линзаларын дренаждау үшін қолданады.
Коллаген Коллаген негізіндегі заттардан коллагенді пленкалар, губкалар, жіптер, түтікшелер алуға болады. Олар жараларды, күйіктерді, пульпиттерді емдейді, тамырларға, клапандарға, трахеяға, күйік немесе травматикалық этиологияның тері ақауларын жабу үшін, Сондай-ақ сіңіргіш материал ретінде және сүйек қабықтарын толтыру үшін гемостатикалық агент пен тампон ретінде қолданылады. Косметика саласында әжімдерді тарту үшін, бет терісі әсемдігін сақтау үшін қолданыс тапқан.
Стомотологияда тіс протездерін жасауда акрилді шайырлар кеңінен қолданыс тапқан.
Полимерлік материалдар фармацевтикада дәрілердің капсулаларын дайындауда, қаптау мен орамдауда қолданылады
Пластикалық масса деп жылудың жəне қысымның əсерінен белгілі бір формаға ие бола алатын, жəне оны (форманы) салқындатқанда немесе қатайтқанда тұрақты түрде сақтай алуға қабілетті табиғи жəне синтетикалық қосылыстардан (шайыр) алынатын материалдарды атаймыз.