«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Табиғи және синтетикалық каучуктер, олардың құрылысы, қасиеттері



бет41/52
Дата28.01.2023
өлшемі3,51 Mb.
#63447
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Байланысты:
ОХТ 1-50 тфп

37. Табиғи және синтетикалық каучуктер, олардың құрылысы, қасиеттері.

Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. . Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі.


Жасанды(синтетикалық)
Жасанды каучук алу мақсатымен 1826 ж. Ағылшын физигі М.Фарадей каучуктың молекулалық құрылысын анықтады. Жасанды каучук, этил, метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады. Елімізде жасанды каучукты көбінесе дивинилден алынады. Дивинил торф, ағаш сияқты органикалық заттардан алынатын спирттерден өндіріледі. Техникада жасанда каучуктың мына түрлері жиі қолдланылады – хлоропенді каучук, натрий бутадиен каучугі, силиконды каучук.
СКС құрамындағы стирол пайызына байланысты каучуктер əртүрлі таңбаланады. Мысалы: каучук СКС-30 құрамында 30% стирол, 70% бутадиен болады. Каучук құрамындағы стирол немесе метил-стирол көбейген сайын каучуктың беріктілігі артады, бірақ желімдегіш қабілеті, аязға төзімділігі жəне иілгіш қасиеті нашарлайды. Диэлектрикалық қасиеттері табиғи каучуктарға жақын, молекулалық массалары 10000-нан 100000-ға дейін артады.
США-да СКС синпол, филярен, Англияда нитол, Италияда эуропрен, Жапонияда нипол, ГФР-де бунатекс деген саудалық атаумен шығады.
Синтетикалық изопрен каучугі (СКИ-3) изопреннің полимері (2-метил-бутадиен-1,3) [-СН2-С(СН3)=СН-СН2-]n.
Изопрен каучугін (CКИ-3) комплексті координациялық Циглер-Натта катализаторының жəне литийорганикалық қосылыстардың қатысында изопренді стереоспецификациялық полимерлеу арқылы дайындайды
Полимерлеу үрдісі жылу бөлумен жүреді, оны келесі:
nC5H8 = (-C5H8-)n -H H = 75кДж
теңдеуімен жазуға болады.
Үдерісте еріткіш ретінде изопентан қолданылады. Бұл еріткіш түзілген каучуктың бөлінуін жəне реакция температурасын реттейді
СКИ беріктілігі мен желімдеу қабілеті жоғары, 100℃-ға дейін қыздырғанда қасиетін сақтайды. Барлық қасиеттері табиғи каучукқа жақын болғандықтан, резина дайындауға табиғи каучуктың орнына жұмсалынады. СКИ-3-тен алынған резиналар майда, бензинде жəне басқа органикалық еріткіштерде ісінеді, ауа оттегімен тотығады, аязға төзімді жəне газды өткізбейді.
Хлорпрен каучукті (найрит) хлорпренді эмульсиялық полимеризациялау арқылы алады.
(-CH2-C=CH-CH2-)n
Cl
Май, озон, атмосфера əсеріне тұрақты. Сондықтан хлорпрен каучугі жоғарыда айтылған заттарға керекті резина жасауға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет