«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет39/52
Дата28.01.2023
өлшемі3,51 Mb.
#63447
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Жасанды талшықтар:

  1. Вискозалы талшықтан жасалған маталар сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім. Вискозаның кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады (50 % ); тез отырып, қатты қыртыстанады.

  2. Ацетатты талшықтардан жасалған маматаларды вискозалық талшықтан айырмашылығы- шикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде. Асетум латын тілінен аударғанда –сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады. Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді,210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар.


  • Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды : мұнай,таскөмір,табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады.Бұл заттардан жоғары молекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды ( нейлон,капрон,лавсан,т.б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады.

Синтетикалық талшықтар бөлінеді:
1.Полиамидті (капрон, дедерон, нейлон) ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді. Капрон маталардың кемшілігі: сусымалылығы, сетінегіштігі, ылғалсіңіргіштігі. Жоғары температураға төзбейді.
2.Полиэфирлі (лавсан, полиэстер) берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады.Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға (жүн,мақта, зығыр)қосып, көйлекке арналған маталар,, трикотаж шығарады.Таза күйінде лавсанды жіптер,техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. Кемшілігі: жоғары температураға төзбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет