Полимерлердің пішіні:
Сызықты
Тармақталған
Кеңістіктік
Шығу тегіне қарай:
Табиғи (целлюлоза,белоктар,каучук т.б.)
Жасанда( нитроцеллюлоза,поливинил спирті,вискоза т.б)
Синтетикалық(полиэтилен, полипропилен,полистирол,полиамид,фенолды шайыр т.б) .
Негізгі тізбектің құрамына байланысты:
Гомотізбекті полимерлердің негізгі құрамы бірдей атомдардан тұрады, қосымша тізбектің құрамы есепке алынбайды. Егер тізбек көміртек атомынан тұрса, ондай полимерлерді карботізбекті деп атайды. Мысалы, полиэтилен, полипропилен, поливинилацетат.
Гетеротізбекті полимерлер тізбегінде көміртегіден басқа да металдардың атомдары (оттегі, күкірт, т.б.) кездеседі.
Құраушы буындардың санына байланысты:
Гомополимер деп макромолекулалары құрамы мен құрылымы бірдей қайталанатын құрылымдық бірліктерден (мономерлік бірліктерден) тұратын полимерді айтады.
Гетерополимерлер – молекулалары бірнеше түрлі мономерлерден тұратын полимерлер.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген полимер бұйымдарын жалпы қасиеттері мен олардан жасалатын заттардың түріне, сондай-ақ өндіру әдісіне қарай төрт типке бөледі:
Конструкциялық
пластиктер
Эластомерлер
Талшықтар мен жіптер
Қабыршақтар, лактар, бояулар
Қыздырғанда байқалатын өзгерістеріне байланысты полимерлік материалдар:
термопласты қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Термоплаты полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |