28.Ацетилен негізіндегі синтездер. Ацетилен негізіндегі полимерлер.
Ацетилен HCºCH түссіз газ, таза күйінде аздап эфирдің иісі болады, 83,80С сұйыққа айналады. Ацетилен ауамен (2-ден 11%) жəне оттегімен (2,8-ден 78%) қопарылғыш қоспа түзеді. Ацетиленнің қолданылу аймағы кең. Ацетилен қанықпаған қосылыс, сондықтан ол химиялық реакцияларға тез түседі, сол себептен оның туындылары жəне қосындылары өндірісте, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Ацетилен өндірісі және оны қайта өңдеу
Ацетиленді өндірудің бірнеше әдістері бар:
а) дымқыл тәсілмен өндіру;
б) құрғақ тәсілмен өндіру.
Метаннан және оның гомологтарынан алу;
Табиғи газдан және көмірсутек газдардан алу:
а) электрокрекинг
б) термототықтандыру крекингі (пиролиз).
Ацетиленді кальций карбидінің ыдырауы арқылы өндіру дымқыл және құрғақ тәсілдермен ацетилен генераторларында келесі реакция бойынша жүзеге асырылады:
Дымқыл әдіс
CaC2 + H2O Þ C2H2 + Ca(OH)2 + 130 кДж
Дымқыл әдіспен «суға карбидті» принципі бойынша жұмыс істейтін генераторларда ұсақталған кальций карбиді көп мөлшерде суы бар генераторға біркелкі беріледі. Су карбидтің салмағына қатысты он есе мөлшерде алынады. Кемшілігі: су көп мөлшерде жұмсалады және 70% дейін извест суті түзіледі.
Құрғақ әдіс
Кальций карбиді шлюзді бекітпесі бар бункерден шнегі бар бункерге сол жерден генератордың жоғарғы сөресіне беріледі (диаметрі 3-5 м, биіктігі 7,5 м, 11 сөре), оның құрылғысы механикалық сөре пештеріне ұқсас. Судың қажетті мөлшерін жоғарғы сөреге шашыратқыш құрылғы береді және суланған кальций карбиді спираль бойымен жоғарыдан төменге қарай, сөрелердің ортасында және шетінде орналастырылған тесіктер арқылы қозғалады.
Сөреден сөреге қарай қозғала отырып, кальций карбиді толығымен (98%) ацетиленге және Са(ОН)2-ге айналады. Са(ОН)2 құрғақ ұнтақ түрінде араластырғышы бар генератордың конустық бөлігі арқылы шнекпен сыртқа шығарылады. Реакция нәтижесінде пайда болған ацетилен және су буы (шамамен 100оС ) әк шаңымен скрубберге астыңғы жағынан беріледі, сумен шашыратып жуылады және суытылады. Мұнда ацетилен 20-300С-ға дейін суытылады, шаңынан тазартылады және ары қарай фосфорсутек, кукіртсутектен және аммиактан тазартуға жіберіледі (гипохлорит немесе натрий бихроматымен тазалайды). Пайда болған әк сүті скруббердің төменгі бөлігінен тұндырғышқа үздіксіз шығарылады. Тұндырғыштың төменгі жағындағы шлам кәрізге шығарылады, ал сорғымен тазартылған су тоңазытқыш арқылы қайтадан скрубберге жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |