Жалпы және этникалық психология кафедрасы



бет3/37
Дата03.05.2023
өлшемі146,07 Kb.
#89549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Пререквизиттері: студенттер үшін жалпы психология: танымдық психикалық процестердің негізгі теориялық жағдайларын оқытатын базалық пәндердің қатарына жататын психологиялық кәсіби білімдері «Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» оның негізінде «Танымдық психикалық процестер» курсымен таныстықтан басталады. Оны сәтті меңгеру үшін «Философия», «Психологияға кіріспе», «Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс әрекетінің физиологиясы», «Социология», «Жоғарғы математика» сияқты пәндермен таныс болуы қажет болып саналады.
Постреквизиттері: «Жалпы психология: «Танымдық психикалық процестер» курсын оқыту уақытында және оны меңгеру үшін келесі пәндер міндетті түрде онымен тікелей байланысты болады. Оларға жататындар; «Психологиялық ғылымдардың методологиясы», «Казақстандағы психологиялық ғылымдар».
Бұл пәнді оқуда психолог студенттер алдыңғы өткен барлық пәндерге сүйенеді. Осы пәндерді нақты оқу барысында алынған білімдер студенттерге психология ғылымының барлық базалық теориялары мен концепцияларын зерттеу бағыттарын оқып үйренеді.
Курсты оқығаннан кейінгі студенттердің алатын негізгі құзыреттіліктері:
Студент мыналарды білуі қажет:
-танымдық психикалық процестер жайлы әлемдік және отандық психологиядағы зерттеулерді және олардың тарихын;
-танымдық психикалық процестердің психологиялық табиғаты жайлы негізгі теориялар мен зерттеу мәселелерін;
-жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестердің жалпы психологиялық табиғатын;
- эксперименттік және қолданбалы психологиядағы танымдық психикалық процестерді зерттеу әдістері мен негізгі заңдылықтарын;
-танымдық психикалық процестерді зерттеуші –психолог пен экспериментатордың зерттеу жұмысына қойылатын талаптары мен кәсіби және тұлғалық сапаларын;
--жалпы психологиядағы танымдық процестерді зерттеу саласы бойынша эксперименттік зерттеулерді өткізу мен жоспарлау негіздерін.
Студент мыналарды меңгеруі қажет:
-жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестер туралы теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау, жүйелеу, салыстыру, жалпылау мен қорытындылауды;
-танымдық психикалық процестер туралы алған теориялық және практикалық білімдерін шынайы кәсіби іс-әрекет пен тәжірибеде қолдану іс-әрекетін;
-жалпы психологиядағы ғылыми-ұғымдар неізі жайлы психологиялық білімдерді;
-танымдық психикалық процестерді эксперименттік психологияда зерттеу әдістері адекватты таңдау мен оларды өткізу процедураларын;
-танымдық психикалық процестер курсының негізгі жағдайларын кәсіби зерттеулерде, кәсіби іс-әрекеттің практикалық-қолданбалы салаларында оның тиімділігін арттыру мәселесі бойынша материалдарды өзбетінше логикалық түрде таңдау және таба алуды және оларды психологиялық интерпретациялауды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет