№ 11 хаттама « 31»052013 ж.
Факультет деканы м.а.________З.Н. Исмагамбетова
Мамандық «5В050300 ПСИХОЛОГИЯ» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ «№ 1 модуль «Психикалық күй және тұлға мәселесі» «TZhEOS 1303» «Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» 2 курс, қ/б, семестрі күзгі
3 кредит . Пән типі: «Негізгі міндетті модуль «Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» курсы психология ғылымының фундаменталды негізін құрайтын теориялар мен зерттеу әдістердің мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазіргі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді, соңғы жетістіктері мен тұжырымдамаларын негізге алады, сондай-ақ әлемдік психология жетістіктерін танымдықпроцестерді талдау негізінде түсіндіреді, психологиялық теорияларды зерттеу және меңгеру процестерін оларды психологияның барлық саласында қолдана білуді оқып үйренеді. Кәсібилік тұрғыдан ғылыми практик психолог ретінде өз білімдерін жетілдіруде жалпы психологияның негізгі өзегін құрайтын психикалық процестердің әртүрлі заңдылықтары мен критерийлерін меңгеруге байланысты білімдерді алу маңызды және өте қажетті болып табылады.
Пәннің мақсаттары мен міндеттері: Мақсаты.
Негізгі міндетті №1 модуль бойынша оқытылатын ««Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» - курсын меңгеру негізінде жеке адамды таным субъектісі ретінде ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, танымдық психикалық процестердің табиғатын және психология мамандығына қатысты ғылыми түсініктердің негізін түсініп, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін негіздеу. Психикалық танымдық процестер ес, ойлау және сөз табиғаты туралы ақпараттарды қайта өңдеудің және танудың бірыңғай і жүйесі деп түсіну.
Міндеттері: 1.Танымдық психикалық процестердің негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін қолданудың теориялық–методологиялық аспектіде танысып, оқып–үйрену, танымдық процестер ес, ойлаудың негізгі заңдылықтары мен критерийлерін фундаменттік теориялық және қолданбалы психологиялық зерттеулерде қолдануға студенттерде оң мотивация мен жүйелік негіздерді қалыптастыру;
2.Оқытылған психикалық танымдық процестердің өзіндік ерекшеліктері туралы теориялар мен зерттеулер негізінде психологияның әр салалары, ес, ойлау және сөз жайлы студенттерде білімдерді жүйелендіру;
3.Психикалық танымдық процестердің даму заңдылықтары мен механизмдерін талдау критерийлерін психологияның барлық саласында қолдануды оқып үйрену, оның технологияларын меңгеру, машықтану, психиикалық процестердің базалық категориялары мен түсініктері жайлы білімдер беру;
4.Әлемдік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен және танымдық процестер туралы теориялық-методологиялық таныстыру.