«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


«Темперамент типтерiнiн психологиялык сипаттамалары» кестесін жасаңыз



бет11/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
11.«Темперамент типтерiнiн психологиялык сипаттамалары» кестесін жасаңыз.
Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Темперамент: Холерик, Флегматик, , Сангвиник Меланхолик
1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-
қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяф байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераменттіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді
.3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейкам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осынді баланы құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, маубас” т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қышр, қисық келеді.
Қорытынды
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын айқындап береді.
Темперементтерді тәрбиелеуде баланың ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға жүргізілген дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.
Бұл пішінде темпераменттердің сипаттамасы іс жүзінде өзгермеген, ХХ ғасырға жетті, бұл құбылысқа психологтар мен физиологтар қызығушылық танытты. Сонымен, Иван Петрович Павлов арқасында темперамент типтерінің сипаттамалары жүйке жүйесі туралы түсініктерін кеңейту. Енді тиімдірек анықтау үшін жоғары жүйке қызметінің күші, қозғалғыштығы және тепе-теңдігі сияқты көрсеткіштер қолданылды. Зерттеуші бір әлсіз (меланхолик) және үш күшті (сангвиник, холерик және флегматикалық) типті бөліп көрсетті. Егер ұтқырлық туралы айтатын болсақ, онда тек флегматик инертті болып шықты. Холерик темперамент типі теңгерімсіздікпен ерекшеленді.
Төрт негізгі тип темперамент классификацияларының бірі болып табылады. Дегенмен, гректерге құрмет көрсету керек - ең танымал. Темпераментті зерттеуге үлес қосты Карл Густав Юнг, Ганс Юрген Эйзенк, Иван Петрович Павлов, Борис Михайлович Тепловжәне т.б.
Павлов бойынша темперамент жүйке жүйесінің типін түсіну арқылы анықталады. Ғалым темпераментті анықтаудың үш негізгі критерийін анықтады. Бұл күш, ұтқырлық, тепе-теңдік. Ол өз ілімін Гиппократтың классификациясымен салыстыра отырып, белгілі темпераменттерді сипаттады:
сангвиник- күшті, теңгерімді, қозғалмалы;
Холерик- күшті, теңгерімсіз, қозғалмалы;
Флегматик адам- күшті, теңдестірілген, инертті;
меланхолик- Әлсіз түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет