7. «Ойлау түрлерi, олардын ерекшеліктері» схемасын кұрастырыныз. 14. Негiзгi ойлау түрлерi (әр түрлi жiктеу бойынша) көрiнетiн жағдайларды сипаттаныз. 33.Негiзгi ойлау түрлерi (әр түрлi жiктеу бойынша) көрiнетiн жағдайларды сипаттаңыз. Ойлау-Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.
Ойлаудың түрлері: 1)Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі.
2)Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі.
3)Сөздік-логикалық ойлау - ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік-логикалық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой-әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік, таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы арқылы анықталады. Сөздік-логикалық ойлау — ойлау түрлерінің бірі, ұғымдарды, логикалық кұрылмаларды пайдаланатынымен сипатталады. Сөздік-логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі болып табылады. Сөздік-логикалық ойлаудың құрылымында жалпылаулардың алуан түрлері өз функцияларын атқарады.
Ойлаудың қасиеттері:
1)Ойлаудың сыңдылығы-сыни ойлай алу
2)Ойлаудың асығыстығы-асығыс шешім қабылдау
3)Ойлаудың тездігі-тез дұрыс шешім қабылдау
4)Ойлаудың дербестігі-дербес жұмыс жүргізу
5)Ойлаудың икемділігі-шешудің тәуелсіздігі
6)Ойлаудың тереңдігі-толық, жалпылама зерттелуі
7)Ойлау кеңдігі-мәліметті тұтастай қамту
А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады.
Б.М.Теплов еңбегінде ойлаудың интеллектуальдық ерекшелігін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекетте көрінетіне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау және сөйлеу» еңбегінде сөйлеудегі ойлаудың генетикалық түбірін, ойлау және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты.
Қорытындылай келе, адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауыда жетіле түседі. Қазiр ойлаудын практикалык әрекетпен байланыскан сан-салалы турлерi пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиiс. Ой амалдары мен логикалык операциялар, оларды орындаудың белгiлi ережелерi мен жүйесiнiн пайда болуы - адам ойлауыны зор табыска жетуiнiң, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау. заңдылықтары мен ережелерi сансыз кайталаудын және тәжірибеде тексерiлудiн нәтижесiнде адам санасында бекіп, зор шындыкка айналды.
Ойлау адамның сырткы дүниемен карым-катынас жасау процесiнде туындап отырады. Адам ойлауынын мазмұнын билейтін объективтік шындык. Адамға алдына максат койып, оны шешуге умтылдыратын кажеттерi.