«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


Белгiлi кажеттiлiктер тiзiмiн жазып, оларды жiктеніз



бет10/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
общая и воз сессия жауап (копия)

10. Белгiлi кажеттiлiктер тiзiмiн жазып, оларды жiктеніз.
Ніл жағалауларынан бастап Оңтүстік Америка құрлығына дейін таралған ғажайып пирамидалар архитектурасымен, құрылысының күрделілігімен таңғалдырады. Дегенмен адамзат тарихында талай жылдардан бері пікір-талас тудырып келе жатқан интеллектуалдық пирамидалар бар. Танымал американдық психолог, гуманитарлық психологияның негізін қалаушылардың бірі Абрахам Маслоудың ұсынған тізбегі соның бірі. 
Бұл пирамида адам қажеттіліктерінің маңыздылығына байланысты иерархиялық тізбекте орналасқан. Алайда А. Маслоу еңбегінде ешқандай да пирамида көрсетпеген. Тек тізбек иерархиялық түрде болатынын атап айтқан. Пирамида түрінде 1975 жылы У. Стоптың оқулығында жарияланған. Оның сөзінше, бұл нақты тізбек емес, адамның жағдайына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Пирамида бес сатыдан тұрады. Әр сатыда адамның қажеттілігі орналасқан. Оның өзектілігі де сол — адам пирамиданың жоғарғы қажеттіліктеріне шығу үшін алдымен төменгі қажеттіліктерді қанағаттандыру керек.
Физиологиялық қажеттіліктер
Адамның күнделікті тіршілігіне қажетті: тамақ, су, ауа, ұйқы, демалыс және тағы басқалары жатады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандырмаса адам өмір сүре алмайды немесе толыққанды жетіле алмайды. Мысалы, адам 2 күн ұйықтамаса, физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырмаса жұмысын, күнделікті тіршілігін дұрыс істей алмайды. Барлығы нормаға келген жағдайда ғана қажеттіліктің келесі сатысына өте алады.
Қауіпсіздік қажеттілігі
Қауіпсіздік және қорғанысты әр адам сезінгісі келеді. Сол үшін де есіктеріне сенімді құлып қою, өмірлерін сақтандыру, аурудан, басқа қайғы-қасіреттен алшақ болуға тырысады.
Әлеуметтік қажеттіліктер
Адамның махаббат, жақын адамдарынан жылулыққа, достық қарым-қатынас, әлеуметтік топқа пайдасының тиюі сияқты әрекеттерге ұмтылу. Әлеуметтік ортада адам өзінің керек екенін сезіну арқылы мотивация алады.
Мойындату қажеттіліктері
Әлеуметтік ортаға пайдасы тигеннен кейін, махаббатты, жақындықты сезінгеннен кейін өзін мойындатып, мықты әрі сенімді адам болып көрінгісі келеді. Сыйласымдылық пен атақ дәрежені алған адам өзіне сенімді бола бастайды. Сол арқылы өмір сүруге де ұмтылысы күшейеді.
Өзін-өзі басқару
Соңғы сатыда адам жан дүниесінің қажеттілігі сипатталады. Іштей тұлға болуға ұмтылу, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру сияқты белгілермен сипатталады. Төмендегі сатылардан өткен адам ендігі өмірдің мәнін, қоршаған ортаны зерттеу, жаңаша дүниеге көз-қарас қалыптаса бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет