2. Жалпы және жас ерекшелік психологиядагы зерттеу әдістері. Жалпы психологияның теориялық және практикалық зерттеу әдістерінің негізгілері жас ерекшелігі психологиясына да тән.Олардың негізгісі – бақылау әдісі мен эксперимент.
Бақылау-таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттерінің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттау. Бұл әдісті бұрын ұйымдастырған жағдайда адамның іс-әрекеті, қылығы туралы объективті мәліметтер алуға болады. Бақылаушы зерттеушінің өзінің тіршілік әрекетін өзін табиғи түрде ұстайды. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңде - ойын үстінде, мектеп оқушысын - сабақ барысында, ересек адамды - мамандық іс-әрекетінде т.б. бақылай отырып, психолог сол адамның айтқан сөздері, қылықтары, іс-әрекеті туралы мәлімет алады.
Соынмен қатар бақылау даму үстіндегі адамның психологиясын жүйелі талдауға мүмкіндік туғызады, сондықтан бұл бақылау әдісінің құндылығы болып табылады. Бақылау әдісі арқылы алынған фактілер өте бағалы. психолог В.Штерн өз қыздарының дамуы барысын бақылау нәтижесінде сөздің даму жайында екі томдық зерттеуін дайындап шығарған. Ал,1925 жылы Ленинградта Н.М.Щелованованың басқаруымен балалардың қалыпты даму клиникасы құрылды. Ол жерде баланы күніне 24 сағат бойы бақылаған. Айтарлықтай,сол клиникада бала өмірінің алғашқы жылын сипаттайтын негізгі фактілер ашылған. Жалпыға мәлім Ж.Пиаже өзінің үш баласын бақылау негізінде интеллектінің сенсомоторлы даму концепциясын жасаған. Д.Б.Эльконин мен Т.В.Драгуновка бір сыныпты ұзақ уақыт (үш жыл бойына) бақылау нәтижесінде жеткіншек шақтың психологиялық сипаттамасын беруге мүмкіндік берді.
Бақылау әдісінің кемшілігі-зерттеуші өзі күткен көрінісін ұзақ уақыт тосуға тиіс, ал ерекшелігі-адамның психологиялық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды.
Лонгитюдты бақылау зерттеушінің ұзақ уақыт бойында бақылауға мүмкіндік береді.
Лонгитюдты зерттеу-сол бір сыналушының дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу. Мысалы: психология тарихында А.Газелл 165 баланы 12 жыл бойы лонгитюдты бақылағаны туралы айтылған.
Бақылаудың өзін-өзі бақылау деп аталынатын түрі бар. Ол адамның не көретіні, нені сезетіні, қобалжуы, не істейтіндігі туралы сөздік есебі. Ол зерттеулішінің өзінің ішкі әлемін талдау, сезінулерін түсіну және өзінің іс-әрекетін бағалау үшін қолданылады.
100 жылдан астам уақыт бойында психологияда эксперименті әдісі қолданып келе жатыр. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеуші өзіне керекті психологиялық фактілерді алу мақсатында өзі белсенді түрде араласып, жасайды. Психологияда эксперимент табиғи және лабораториялық болып екіге бөлінеді.Табиғи экспериментті алғашқы ұсынған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский (1874-1917)болса, эксперименттің лабораториялық түрін ғылымға 1979 жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) енгізген болатын. Эксперимент түрлі құрал – жабдықтардың көмегімен арнайы лабораторияда өткізілуі тиіс. Эксперимент сондай-ақ констатациялық және қалыптастырушы болып бөлінеді. Зерттеудің бұл түрлері жас ерекшелігі психологияда кеңінен қолданылып келеді.
Аталған әдістермен қатар жас ерекшелігі психологиясында егіздер әдісі, анкета, іс-әрекет нәтижелерін талдау , биографиялық әдістер елеулі орын алады.
Егіздер әдісі – адам психикасына орта мен тұқымқуалаушылық факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік беретін гомозиготты және гетерозиготты егіздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды зерттеу әдісі.
Анкеталау – зерттелінушінің биографиялық мәліметтерін, пікірін, өмірлік құндылықтарын, ұстанымдары мен жеке қасиеттерін айқындау әдісі.
Биографиялық әдіс – Жеке тұлғаның өмір жолын зерттеу, диагностикалау, коррекциялау мен болжамдау тәсілі.
Қазіргі заманымызда зерттеу әдістерін төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ ұйымдастыру әдістері деп аталады. Бұған салыстырмалы, лонгитюдты және комплексті әдістер жатады.
Екінші топқа эмпирикалық әдістер (тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу) жатады.
Үшінші топты мәліметтерді өңдеу әдістері (статистикалық талдау, сапалық талдау) жатады.
Төртінші топты интерпретациялық әдістер құрайды. Оларға генетикалық (даму деңгейлерінің «вертикалды» байланыстарын қарастырады) пен құрылымдық (даму деңгейлерінің «горизонталды» байланыстарын қарастырады) әдістер жатады.
Кез-келген психологиялық зерттеу төрт кезеңнен тұрады, олар:
дайындық кезеңі;
нақты әдістемелерді қолдана отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
алынған мәліметтерді өңдеу, талдау;
интерпретациялау, болжамның расталуын айқындау.