26.Бiлiм беру қызметiнде туындайтын сырткы және iшкi түрткілерді көрсетініз.
Түрткі (лат.moveo — қозғаймын) — субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы
Бернар Вербер: “Түрткі – барлық әрекеттердің кілті”
Ж. Годфруа: “Түрткі - субъект әрекет етуінің себебі”
Ең өнімдісі ішкі түрткілер, өйткені олар қызығушылыққа, оқушылар үшін маңызды және мағыналы нәрсеге негізделген. Ішкі түрткілерге адамды өзінің мақсаты ретінде оқуға итермелейтін және оның мақсатына жетудің маңызды құралы ретіндегі түрткілер жатады. Сонымен бірге қызығушылық білімнің өзінде және оны алу процесінде көрінуі мүмкін. Қызығушылығы, студенттің мәдени және кәсіби деңгейін көтеруге ұмтылуы, оның жаңа ақпаратқа деген қажеттілігі де ішкі түрткілер ретінде әрекет ете алады.
Сыртқы түрткілерге жазалау немесе марапаттау, қорқыту мен талап ету, топтық қысым, болашақта пайда күту, мұғалімнің бағалауы, қиындықтан аулақ болуға ұмтылу және т.б. Олардың барлығы оқытудың тікелей мақсатына сыртқы болып табылады. Мақсаттың өзі, яғни оқытудың өзі мұндай жағдайлар мен мотивтерде немқұрайлы немесе тіпті жиіркенішті болуы мүмкін, ал оқыту көбінесе оқушы үшін мәжбүрленеді және негізгі мақсатқа жету жолында еңсерілуі керек кедергі ретінде әрекет етеді. Бұл жағдай, негізінен, қақтығыс, қарама-қарсы күштердің болуымен сипатталады, сондықтан ол елеулі психикалық стресспен байланысты, студенттен белгілі бір ішкі күш-жігерді талап етеді және кейде оның өзімен күресуімен бірге жүреді.
27. Тәлім-тәрбие (педагогикалык) психологиясы, тармактары.Адам сана-сезiмi мен психикасынын калыптасуы және дамуы
Педагогикалық психология — балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психология қалыптасуына XIX ғ, ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясы, оқыту психологиясы, мұғалім психологиясы. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі — педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі.
Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:
•
1) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.
•
2) Тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді.
Психика-адам миының жоғарғы сатысында орналасқан ерекше материя. Адам баласының психикасы- ішкі сезім мен көңіл- күйдің рухани бірлестігі. Бұл бірлестік біздің күнделікті қимыл-әрекет, ойлау, сезіну, қабылдау, шешу, түйсіну, елестету сияқты барлық факторларға ықпал етеді. Сонда миға сигнал беру арқылы адам баласы қозғалысқа түседі. Адамның әр әрекетін реттейтін, қоғамдық ортаға бейімдейтін құрылым сананың негізін құрайды. Ол психиканы біріктіруші ең жоғарғы форма. Сана қоршаған орта білімдерінің жиынтық бірлігі, адам баласы өзін тануға, ортадағы орнын білуге, яғни, психика әрекетін өзіне бұруға қабілетті. Сонда психиканың сапалы дамуы санағабайланысты. Сана қоғам тұрмысының өзгеруімен өзгеріп отырады.
Менің ойымша біздің іс-әрекетіміздің қозғаушы күші қажеттілік (мұқтаждық). Адам организмінің бір қажеттілігіне қанағаттанып, оның орнына басқа қажеттіліктің пайда болуы- өмір сүруіне,әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады. Әрбір уақытта қандай болмасын бір қажеттілік басым болады, ал қалғандары оған бағынып, соған байланысты болады. Ол қанағаттандыру әрекеті деп аталады. Бірақ нақты адам баласының әрекетіне психика- ішкі сезім мен ішкі әлем ықпалетеді. Өз ойымнан мысал келтіретін болсам: дүние есігін ашып, ес білгенге дейін біз өз қажеттілігімізді білмейміз. Мектеп табалдырығын аттап, білім алу барысында біздің ой-санамыз, психикамыз, қажеттілігіміз бірталай өзгереді. Мектеп табалдырықтарында барлығымыздың қажеттілігіміз білім алып, саналы азамат болып, керекті маман иесі атану. Бұның барлығы қанағаттану әрекеті. Ал бұл әрекеттер психиканың ықпалы. Яғни мектепте біз тәлім тәрбие алып , санамыз ақыл -ой одан әрі дамиды
Достарыңызбен бөлісу: |