«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк



бет24/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
общая и воз сессия жауап (копия)

28.Инстинкт тусiнiгi (салыстыру)
Инстинг негізгі гректің сөзі , яғни ол соқыр сезім деген мағынаны білдіреді. Инстинкт(лат. іnstіnctus – түйсік) – организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын туа біткен реакцияларының жиынтығы. Мысалға, өрмекшілер ерекше шеберлікпен өзінің өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын ала бұл өнерге үйренген емес. Бал арасы орасан зор математикалық дәлдікпен омартасының құрылысын салады.Ежелгі грек философы Хрисипп (біздің заманымыздан бұрынғы 250 – 208/205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт — жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді. Ал Иван Сеченов пен Иван Павлов инстинкттің рефлекторлық сипатын анықтады. Биологиялық маңызына қарай инстинкт: қоректік (олжасының ізіне түсу, азық жинау, т.б.), қорғаныстық немесе сақтық (қатер төнгенде айбат шегу, тырнау, қозғалмай қатып қалу, т.б.), жыныстық (уылдырығын шашу үшін балықтардың ағынға қарсы немесе ағын ығымен ауа жүзуі), т.б. түрлерге бөлінеді( схемага). Инстинктер қалыптаспайды, әрі күнделікті өмір барысында оларды жаттығулар арқылы қалыптастыруға болмайды, ол туа біткен қасиет, тұқым арқылы ата-аналарынан беріледі. И.П.Павловтың ілімі бойынша, инстинктер – бұл сол шартсыз рефлекстер. «инстинктер дегеніміз – сол рефлекстер, тек бірнеше жиі күрделі құрамнан ғана тұрады» деп жазған Павлов .
Инстинктер – бұл әртүрлі шартсыз рефлекстерден тұратын тізбекті реф- лекстер, әрбір рефлекстің қозғаушы бөлігі кейінгі рефлекстер үшін тітіркендіргіш болып табылады. 
Инстинктер жануарларды қоршаған ортаға бейімделуді және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақтиін инстинктіге бағына отырып, өзіне ұя жасайды және тамақ жинайды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттерді жасай отырып, ұя салады, сондай дәлдікпен, бірақ алдын ала оған үйретілмеген болса да бал арасы омарта жасайды, көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, өзгеріл- ген өмір жағдайында жануарлардың инстинктивтік іс-әрекеті өте қажетті- ден мағынасыз әрекетке айналады. Егер де жұмыртқа басып жатқан гагарлардың жоқ кезінде ұяда жұмыртқаларын басқа жаққа ауыстырып, орнына дөңгелек тастарды қойса, ол тастың үстіне отыра береді, өз жұмыртқаларының жоқтығына мән бермейді. Мәселен, жұмысшы құмырсқамен мынадай бақылау жүргізіп қарайық, олар тамақтарды бүкіл жаз бойы өз індеріне жинақтайды. Алып келген тамағын інге кіргізбестен бұрын сыртқа қойып, іннің ішіне кіріп шы- ғады, содан кейін кіргізеді. Ішке кі- ріп кеткенде әлгі тамағының орнын басқа жерге ауыстырып қойсақ, оны сол жерге қайта алып келіп, қойып, тағы да інге кіріп шығады, оны тағы басқа жерге ауыстырсақ, сол әрекетті қайталай береді. Бұл құмырсқаның іс-әрекеті, соқыр сезім арқылы орын- далғандығын аңғару қиын емес. Мәселен, жаңа туған малдың (қой- дың) төлі немесе иттің күшіктері ту- ған бойда анасының бауырына ұм- тылады, енесінің емшегін іздей бас- тайды, тауып алып, емеді. Қорытындылайды келе , инстинкт дегеніміз ағзаның ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы. Ол ешкандайда касиет, мінез кулыктың бiр түрi емес. Инстинкт ол туа пайда болатын табигатпен, қоршаған ортамен байланысты кұбылыс. Инстинкт адам баласы, жануарларға, яғни тітіркенуге қабiлеттiлерде болады. Бұл құбылыстың болганы барлығына пайда әкеледi. Ягни, барлык зат, кубылыска өзiмiздiн iс-әрекетiмiзбен жауап бұл тiрi жанга тән кұбылыс.Организмде туа берiлетiн шартсыз рефлекстер негiзiнде сырткы және iшкi жагдайлардын өзгеруiне үйретусi бейімделіп тіршілік ету кұлқы. Туа пайда болатын импульстардын асерлерге жауабы, кимыл- қозгалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет