29. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет— әлемді және өз–өзін саналы түрде өзгертетін процесте
адамның немесе топтың әлемнен жасайтын өзара әрекеті. Ісәрекет— адамның дүниемен қарым қатынас тәсілі. Іс-әрекет
барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп,
шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз
субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Ісәрекет объектісі етеді.
Іс-әрекеттің түрлері
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі 4 түрі бар.
Олар:
— Еңбек
— Оқу
— Ойын
— Қарым–қатынас
Іс-әрекеттің құрылымы:
Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға ( іс- әрекет субъекті), объект ( ісәрекет пәні) және ішкі праксис ( түрліше белсенді процесстер).Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамаикалық жүйесі.Іс-әрекет – адамның әлеуметтік ортада мақсатқа бағытталған белсенділігі.Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсенділікте. Адамның белсенділігі өте көп қырлы.А.Н. Леонтьев: «Бала психикасы дамуының тікелей анықталуы - ішкі және сыртқы іс-әрекетінің дамуы».
Сондықтан іс-әрекет, А.Н. Леонтьев бойынша, өмір бірлігі болып саналады.С.Л. Рубинштейн 1933 жылы сана мен іс-әрекетті алғаш байланыстырды, сана мен іс-әрекет бірлігінің принципін біріктіріп: психикалық бейнеленуі, сана іс-әрекеттің белсенділігімен байланысты, одан шығады, сонда тіршілік етеді, онымен анықталады. Осы принципке сәйкес, сана ісәрекеттен туындайды.Іс-әрекеттің құрылымы: А.Н. Леонтьев анықтаған ісәрекеттің құрылымын былайша көрсетуге болады: Қажеттілік Түрткі Іс-әрекет Қажеттіліктер – ағзаның бір нәрсеге керекті кескінін
ұсынатын және іс-әрекетке талаптанатын субъективті құбылыс болып табылады. Барлық қажеттіліктерді екі
негізгі топқа бөлуге болады:биологиялық (виталды)ақпараттық (әлеуметтік қажеттіліктер негізіне жататын)
Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады.Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы
бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни
міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде
көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы,
белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамандықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу
мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.Іс-әрекет психологиясы – кеңестік дәуірде психология ғылымының дамуында үлкен рөл атқарған психология саласы. Бұл теорияның пайда болуы мен дамуы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин және басқалардың
есімдерімен байланысты.Іс-әрекет пен еңбек адам санасының қалыптасуы мен психикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Адамның психикалық феноменінің танылуында іс-әрекет зор маңызға ие. Себебі адам жайлы, яғни оның тұлғасының ерекшеліктері жайлы сөз болғанда, негізінен, оның жасаған істерінің нәтижесіне қарай нәтиже шығарамыз.Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толыктыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А. Н. Леонтьев жасаған. Оның айтуы бойынша, iс-әрекет- белгiлi қажеттіліктерге жауап беретiн, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсендi процестер.А. Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялык байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсендiлiктердi ғана іс-әрекет деді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адам ушiн iс-әрекеттiң кашан да қоғамдық әлеуметтік релі зор. Ісәрекеттiң саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлыгы мен жүйелiлiгi оның ең басты белгiлерi болса, алдағы турған мiндеттi шеші, яғни ойлаған iстен бiр нәтиже шығару - оның екiншi бiр басты белгiсi болып табылады. Адам психикасынын дамуында iсәрекеттің шешушi орнымен қатар, бiз сананын да курделене түсуiне ыкпал жасайтынын естен шығармауымыз керек. Сойтiп, сана мен iс-әрекеттiң бiрлiгi, психиканың iс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологиянын басты принциптерi болып табылады.