«Жалпы және молекулалық генетика»



бет13/23
Дата16.10.2023
өлшемі491,73 Kb.
#116146
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Жалпы мәлімет. Әрбір белгілі бір жынысты ағзаның дамуы зигота аналық пен аталық арасындағы айырмашылығы бар жыныс хромосомалық теориясы бойынша әрбір жануарлар түріне және екі жынысты өсімдіктерге жынысты аңықтаудың хромосомалық теориясы бойынша аналық пен аталық дараларының тең саны тән. Бұл жағдай гетерогаметалы жыныстың екі әртүрлі жыныс хромосомаларын /X,Y/ тең түзетінімен түсіндіруге болады.
Фактілер көбейген сайын жынысты аңықтаудың хромосомалық теориясы тек қана тұрақтана қоймай бірнеше қиындықтарға шалыңды. Бриджестің тәжірибелерінде жыныс хромосомалырының дұрыс ажырау нәтижесінде пайда болған дрозофиланың қалыпты түрден басқа даралар аутосомалармен ХХ-хромосомалар барлар -аналық, АА+ХО- аталық екенің көрсетті. Осы факторлар жыныс хромосомалары ғана емес жынысты аңықтайтынығын дәлелдейді. Сонда жыныс қалай аңықталады? К. Бриджестің жынысты аңықтаудың байланысты теориясы бойынша дрозофиланың жынысы Х-жыныс хромосомаларының саны мен аутосомалар жиынтығының қатысына байланысты. Ақырғы жылдары генетиктармен жиналған көптеген фактілер жынысты аңықтаудың байланысты теорияның универсальді екенін көрсетті. Ол қазір көбінесе қолданылады.
Тапсырма 1. Адам мен құстардың мысалында табиғатта кездесетін жыныс хромосомаларын қолданып будандастыру схемасын құрындар.
Тапсырма 2. Хромосомалардың әртүрлі дұрыс ажырамау варианттарын құрастырып фенотиптік бейнесін көрсетіндер.
Жыныспен тіркес тұқым куалау.
Мақсат: Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауын оқып тану, есеп шығару мен жеміс шыбынымен тәжірибеде оның механизмін көрсету. Жалпы мәлімет. Белгілердің тұқым қуалауының Мендель заңдылықтарына қарағанда ұрпақтарда белгілерінің ажырауы будандастырудың бағытына, яғни қай жыныстан доминантті және рецесивті белгілер алынғанына байланысты емес екені көрсетілген. Бұл жағдай гендер әрбір жыныста бірдей кездесетін аутосомаларда орналасқан кездерде орындалады. Бірақта, гендер жыныс хромосомаларында орналасқанда тұқым қуалау түрі мен ажырау жыныс хромосомалардың мейозда өзгеруімен ұрықтану кезінде олардың қосылуына байланысты. Осындай жағдай жыныспен тіркес тұқым қуалау деп аталады.


Тапсырма 1. Дрозофилада жыныспен тіркес аллельді жұп гендер бар. Оның біреуі қалыпты дөнгелек көзді анықтаса, басқасы – сызық тәріздіні. Сызық тәрізді көзді аналық дөнгелек көзді аталықпен будандастырылды. F1 ұрпақ (аталық пен аналық) бәрі сызық тәрізді көзді. F2-де аналықтар бәрі сызық тәрізді көзді болса, аталықтар сызық тәрізді дөнгелек көздісі кездесті. Символиканы пайдалана отырып будандастыру схемасын жазып екі аллельдің қайсысы доминантті, қайсысы рецесивті екенін анықтандар.
Тапсырма 2. Берілген шыбын линияларымен танысындар: қалыпты қызыл көзді және мутантті ақ көзді, осы белгілерді қамтамасыз ететін гендер қай хромосомада, қай локуста орналасқанын көрсетіндер, келесі будандастыру түрлерін жүргізіп тәжірибе протоколын жасап қортынды жазындар.



  1. ♀ ақ көзді ХаХа х ♂қызыл көзді ХА У

  2. ♀ қызыл көзді ХАХА х ♂ ақ көзді ХаУ

Тәжірибе хаттамасы.
Семинар.

  1. Жынысты анықтаудың хоромосомалық теориясы.

  2. Баланстық теория және жыныс хромосомалары жүйесіндегі ауытқулар.

  3. Жыныспен тіркес тұқым қуалау.

  4. Жынысты реттеу проблемасы.

Қолдануға негізгі әдебиет: С. Ж. Станбеков «Жалпы генетикаң Алматы, 1993. 75-90 т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет