Жалпы кәсіптік пәндер бірлестік жетекшісі Қарамырза Г. Ж


БК №3: Тәжірибе жүзінде сірке қышқылының қасиетін зерттейді. №16 зертханалық жұмыс



бет5/8
Дата15.03.2023
өлшемі459,89 Kb.
#74694
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
11- пр. Сірке қышқылы, қасиеттері, алу жолдары

БК №3: Тәжірибе жүзінде сірке қышқылының қасиетін зерттейді.
16 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Сірке қышқылының индикаторға әсері және металдармен содамен әрекеттесуі.
Мақсаты: Сірке қышқылының қасиеттерінмен танысып, олардың бейорганикалық қышқылдадың қасиеттеріне ұқсас екеніне көз жеткізу.
Құралдар мен реактивтер: Сынауықтар мен тұрғы, сірке қышқылының ерітіндісі, әмбебап индикатор немесе көк лакмус ерітіндісі (қағазы), мырыш (немесе магнийдің) түйірлері (ұнтақтары), натрий (кальций) карбонаты.
Жұмыстың барысы
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
1.Физикалық қасиеті: Үш сынауық алып, әрқайсысына сірке қышқылының сұйылтылған ерітіндісінен 1-2 мл-ден құйыңдар. Сірке қышқылының ерітіндісінің түсіне көңіл аударыңдар, абайлап иісін байқау.
2 Индикаторға әсері: Сынауықтағы ерітіндігіе берілген индикатор ерітіндісінен тамызу (немесе индикатор қағазымен тексеру). Не байқалды?.
3. Сірке қышқылының химиялық қасиеті: Екінші сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне мырыш ұнтағы не түйірін (немесе магнийдің) салу. Реакция баяу жүрген жағдайда аздап қыздырып жіберуге болады.
4. Сірке қышқылының химиялық қасиеті: Үшінші сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне аздаған натрий карбонатының ұнтағы (немесе бордың кішкене түйіршігін) салып, газ бөлінуін бақылау.
5.Кестені толтыру.
Дескриптор:

  1. Қауіпсіздік техникасын сақтайды.

  2. Зертханалық жұмысқа қажетті құрал жабдықтарды дайындайды.

  3. Реакцияның жүру барысын түсіндіреді.

  4. Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу арқылы қорытындылайды.



КБ: «Қосу, алу, қызықты» топаралық бағалау.
«+» - өзіме не қостым.
«-» - не алдым.
«қызықты» - не қызықты болды
Сараланған тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет