Жалпы кәсіптік пәндер бірлестік жетекшісі Қарамырза Г. Ж


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



бет7/8
Дата15.03.2023
өлшемі459,89 Kb.
#74694
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
11- пр. Сірке қышқылы, қасиеттері, алу жолдары

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақ барысында оқушыларды сабақ тақырыбына сай химиялық терминдер бойынша 3 топқа біріктірілді. Тапсырмалар оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейлері негізінде құрылады. Жаңа тақырыпты түсіну нәтижесінде «Постер қорғау» әдісі нақты көмек береді. Бұл тәсіл оқушының жеке ойын қорытып, диологке түсе отырып, жұп және топта қарым-қатынас арқылы өзара әрекеттесу қалыптасады.
Карусель стратегиясы бойынша қорғалады. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады. Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге сұрақ қояды. Әр топ бір-бірін тексеріп, толықтыра отырып, бір-бірін бағалайды.
«Сәйкестендіру», «Суреттер сөйлейді» әдістері арқылы сәрке қышқылының қасиеттері мен қолданылуын анықтайды. Кері байланыс «Графикалық мадақтау» арқылы жасалады.
Зертханалық жұмыс жасау барысында құбылысты бақылап, тиісті реакция теңдеулерін жазады, кесте толтырылып, қорытынды жасайды.
Оқушылардың қажеттілігіне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасадым. Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. Ол үшін оқулықтағы С деңгейдегі тапсырма мен жаттығулар ұсынылады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Солардың нәтижесіне қарай іріктелген тапсырмалар қарастырылды. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Осыған байланысты қосымша дереккөздер пайдаланылады. Сараланған тапсырма шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойды қорытып баға береді және тұжырымдайды. Қабілеті жоғары оқушылар сыныптастарына топтық жұмыс нәтижесінде жан-жақты көмек көрсетеді. «Жуан – жіңішке сұрақтар» әдісі бойынша қабілеті жоғары оқушылар «неге?», «неліктен?», ал қолдауды қажет ететін оқушылар «не?», «қандай?» сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийлері оқу мақсатының ойлау деңгейлеріне қарай жазылды. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындалып, оларға қатысты дескрипторлар құрастырылды.
БК3 тапсырма: Жұппен талқыланып, жасаған жұмыстың қорытындысын баяндап, теориямен байланыстырып дәлелдейді.

Дескриптор

1

2

3

Зертхана барысын баяндайды.










Не байқағанын түсіндіреді.










Талдау жасайды.










Теориямен байланыстырып дәлелдейді










Оқушылардың оқу нәтижесінің үнемі ілгерлеп және дамып отыруына ықпал ету мақсатында «Графикалық бағалау», «Екі жұлдыз бір тілек» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. «Басбармақ», «қосу, алу, қызықты» кері байланыс жүргізіледі. Әр тапсырманың соныңда оқушылар дескрипторлар негізінде өзі-өзін, бірін-бірі және топтық бағалау жоспарланды.

Зертханалық тәжірибелер жасаудың алдында қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет