Жалпы макроэкономикалық теңдестік: жиынтық СҰраныс жәНЕ жиынтық Ұсыныс


Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады



бет3/8
Дата31.10.2022
өлшемі75,46 Kb.
#46358
1   2   3   4   5   6   7   8
Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады

Сондықтан әрбір баға деңгейіне үлкен өнім шығару көлемі сай келеді, ал кез келген өндірілген өнім санына сәйкес неғұрлым жоғары баға деңгейі 12-суретте көрсетілгендей, жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды.


Ақша көлемінің өзгеруі жиынтық сұраныс тербелісінің жалғыз себебі болмайды. Егер ақша ұсынысы тұрақты болып қала берсе де, жиынтық сұраныс қисығы ақша айналысының жылдамдығы өзгеруінен де жылжуы мүмкін. Ол туралы толығырақ білу үшін, оның жылжуын тудыратын себептерді қарастырамыз.


4.2.ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС: ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК КЕЗЕҢ ЖӘНЕ ҰЗАҚ
МЕРЗІМДІК КЕЗЕҢ
Жиынтық ұсыныс
Жиынтық сұраныс қисығы өз бетінше баға деңгейін немесе өндіріс көлемін анықтамайды, ол тек қана осы екі айнымалылар арасындағы мүмкін болатын қатынастарды көрсетеді. Жиынтық сұраныс қисығын толықтыру үшін бізге Р және Ү арасындағы тәуелділікті енгізу керек.
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтары баға деңгейінің және өнім өндірісі көлемінің мәндерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Жиынтық ұсыныс — бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Бұл қатынастың түрі біздің уақыт аралығының қай жерінде өз көңілімізді аударатындығымызға тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.
Ұзақ мерзімдік кезенде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады,

  • өнім өндіру көлемі тек қана қолданылатын факторлар санына, яғни капитал мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейіне байланысты емес;

— өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;

  • экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлуетті өнім көлеміне тең;

  • баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы теңдікті қамтамасыз етіп отырады.

Ү = F (К,L) =Ү
Сонымен, классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес. Сондықтан 13-суретте көрсетілгендей жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық болып табылады. Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.
Егер жиынтық ұсыныс қисығы тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, онда суретте көрсетілгендей жиынтық сұраныс қисығы төменге қарай ығысады. Экономикада жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысуының ескі нүктесінің жаңа нүктесінен ауысу жағдайы болады.
Е1, Е2 нүктелеріндегі жиынтық ұсыныс қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға деңгейінің өзгеруіне әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет