Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
Талдауымызды келесі түрде қорытындылай аламыз: қысқа мерзімдік кезеңде баға икемсіз, жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік кезенде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді.
Сөйтіп, жиынтық сұраныс өзгерісі уақыттың әр кезеңінде бірдей емес.
LRAS
SRAS
AD
Табыс, өнім шығару
17-сурет. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдік
Жиынтық сұраныс қысқаруының міндетті және ұзақ мерзімді қорытыңдыларын бақылайық. 17-суретте көрсетілгендей, экономиканы талдаудың алғашқы кезеңінде ұзақ мерзімдік тепе-тендік қалыптасты делік. Осы суретте үш қисық келтірілген: жиынтық сұраныс қисығы, жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы. Ұзақ мерзімдік кезеңде тепе-тендік жиынтық сұраныстың ұзақ мерзімдік жиынтық ұсыныспен қиылысу нүктесінде өзгереді. Сондықтан, экономика ұзақ мерзімдік тепе-тендік жағдайда орналасқанда, қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы да 18-суретте көрсетілгеңдей осы нүкте арқылы өтуі керек.
Енді, Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады және жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды деп ұйғарайық. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл (баға икемсіз болғанда) А нүктесінен В нүктесіне ауысуға алып келеді. Өнім шығару көлемі және толық жұмыспен қамтамасыз етілу өздерінің табиғи деңгейінен төмендейді, бұл рецессияның туындағанын көрсетеді. Одан кейін сұраныстың құлдырауына жауап ретінде еңбекақы мен баға төмендейді. Баға деңгейінің ақырындап төмендеуінен экономика да жиынтық сұраныс қисығы бойымен С нүктесіне дейін, ұзақ мерзімдік тепе-тендіктің жаңа нүктесіне дейін төмендейді.
Табыс, өнім шығару 18-сурет. Жиынтық сураныстың қысқаруы
Ұзақ мерзімдік тепе-тендіктің жаңа нүктесінде (С) өнім шығару көлемі және жұмыспен толық қамтамасыз етілу өзінің табиғи деңгейіне қайтадан келеді, бірақ бұл нүктеге бұрынғы ескі ұзақ мерзімдік тепе-тендік нүктесіне қарағанда (А нүктесі) бағаның ең төменгі деңгейі сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |