Жалпы макроэкономикалық теңдестік: жиынтық СҰраныс жәНЕ жиынтық Ұсыныс


Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер



бет7/8
Дата31.10.2022
өлшемі75,46 Kb.
#46358
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4лекция

Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
Жиынтық сұраныс жағынан болатын сілкіністер — экономикалық тербелістердің жалғыз қайнар көзі емес. Олардың тағы бір себебі жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкіністер. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер — бұл тауар өндірісін тоқтату салдарынан фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер баға деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды бага сілкіністері деп атайды. Баға сілкіністерінің бірнеше мысалдарын келтірейік:
- Өнімді жоятын құрғақшылықтар — азық-түлікке деген ұсыныстың күрт төмендеуі оларға деген бағаның өсуін туғызады.
— Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардан зиянды заттардың қалдықтарынқысқартуды талап етеді — фирмалар бағаны жоғарылату арқылы өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді.

Кәсіподақ күресі — шығарылатын тауарларға деген бағаны және еңбекақының жоғарылауына әкеп соқтырады.



  • Халықаралық мұнай картельдерінің ұйымы — негізгі мұнай өндірушілерге мұнайға деген әлемдік бағаны көтеруге мүмкіндік беретін бәсекелестіктің шектелуі.

Осы мысалдардың барлығы өндіріс шығындарының және бағаның күрт өсуіне әкелетін ұсыныстың қолайсыз сілкіністерінің санатына жатады. Ұсыныс жағынан болатын қолайлы сілкіністер (мысалы, халықаралық мұнай картельдерінің бағаны төмендетуі), өндірістік шығындарының азаюына және бағалардың төмендеуіне әкеледі. 20-суретте қолайсыз ұсыныс өзгерісінің салдары бейнеленген.

,



Ү
Табыс, өнім шығару


20-сурет. Ұсыныс жағынан болатын қолайсыз сілкіністер
Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғарыға қарай жылжиды (ұсыныс жағынан туындайтын сілкіністер өнім шығарудың табиғи деңгейінің төмендеуін туғызуы мүмкін және соның нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы солға қарай ығысуы мүмкін, бірақ біз одан бас тартамыз). Егер жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса А нүктесінен В нүктесіне ауысу болады: баға деңгейі өседі, ал өнім шығару деңгейі табиғи деңгейінен құлдырайды. Мұндай жағдай құлдыраушылық (стагфляция) деп аталады, себебі мұнда тұралау инфля-циямен әрекеттеседі.
Жиынтық сұранысты реттей алатын мемлекеттік құралдар, ұсыныс жағынан туындайтын қолайсыз сілкіністерге байланысты проблемаларды шешу кезінде, экономикалық саясаттың екі вариантының бірін тандауы керек. Бірінші вариант 20-суретте көрсетілгендей, жиынтық сұранысты тұрақты күйінде ұстап тұрумен байланысты. Бұл жағдайда өнім шығару және толық жұмыспен қамтылу деңгейлері өз табиғи деңгейінен төмен болады. Ерте ме, кеш пе, баға өзінің бұрынғы деңгейіне дейін және толық жұмыспен қамтылу қалпына келеді (А нүктесі). Бірақ бұл кезде өнім шыгарудың қысқаруы үрдісіне жол беріледі.




Екінші вариант 21-суретте өрнектелгендей, өнім шығарудың табиғи деңгейін жылдам қалпына келтіру үшін, жиынтық сұранысты жоғарылатуға негізделеді. Егер жиынтық сұраныстың өсуі өлшемі жиынтық ұсыныс сілкінісі (шок) өлшемімен сәйкес келсе, онда А нүктесінен С нүктесіне ауысады. Мұндай жағдайда, Ұлттық банк ұсынысы жағынан туындаған сілкініс (шок) қайшылықтарын жеңілдету мүмкіндігі туды деуге болады. Мұндай шешімнің кемшілігі — болашақта бағалардың жоғарғы деңгейінде сақталуы. Бір уақытта толық жұмыспен қамтуды және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ететіндей, жиынтық сұранысты сондай деңгейде ұстап тұратындай әдістер әлі жоқ.


Осы тарауда біз экономикалық тербелістер теориясының негізін аштық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет