«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»


Үлкен тастык нерв, n.petrosus major



бет16/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Үлкен тастык нерв, n.petrosus major, ganglion geniculi-ден басталып, аралық нерв талшықтарынан құралады. Ол самай сүйек пирамидасынан hiatus canalis facialis арқылы шығып, аттас жүлгеде жатады және бассүйек қуысынан жыртық тесік аркылы өтіп,нерв сынатәрізді сүйектің қанаттық өзегі аркылы өтіп, канат-таңдай шұңкырында орналаскан ganglion pterygopalatinum-ға барады.

  • Дабыл өрімімен байланыстыратын дәнекер тармақ, r.communicans cum plexu tympanico, ganglion geniculi-ден немесе үлкен тастық нервтен басталып, кіші тастық нервке, n.petrosus minor-га барады.

  • Үзеңгі нерві, п.stapedius, бет нервтің төмендеген бөлігінен басталатын жіңішке тармак, т.stapedius-ка барып, оны нервтендіреді.

  • Дабыл шегі, chorda tympani, аралық нервтің соңғы тармағы. Бет нервтің негізгі сабауынан біз-емізік тесігі тұсында тармақталып, дабыл шегінің өзекшесіне, canalicus chordae tympani, барады

    Тіл нервтің құрамында жүретін дабыл шегінің талшыктары бір бөлігімен төменгі жаксүйекасты және тіласты түйіндерге, ganglia submandibulare et sublinquale бір бөлігімен тіл аркашығының шырышты қабығына барады. Бет нерві самай сүйек пирамндасынан біз-емізік тесік аркылы шыққан сон, шықшыт без қалыңдығына кірмес бұрын, келесі тармақтарды береді:

    1. Артқы немесе терең кұлак нерві, n.auricularis posterior, s. profundus, біз-емізік тесіктің астында басталып, артқа және жоғары бұрылып, сырткы құлак артында жүріп, екі тармаққа бөлінеді: 1) алдыңғы, немесе кұлақтык тармак және 2) артқы немесе шүйделік, ramus posterior, s.occipitalis. Алдыңғы тармақ: m.auricularis posterior, m. auricularis superior, m. transversus auriculae, m. obliquus auriculae, m. antitragicus нервтендіреді. Артқы тармак m.occipitalis-mi нервтендіріп, . n auricularis magnus жэне n.occipitalis minor байланысады.

    2. Бізтіласты тармағы r . stilhyoideus төмен бағытталатын жіңішке сабауша алдын-ала симпатикалык өріммен қосылып, аттас бұлшықет қалыңдығына барады.



    3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет