а) Бетсүйек - бет тармағы, r. zygomatico-facialis, аттас тесіктен шығып, ұрт жэне көздің латералді бүрышы терілерінде аяқталады.
б) Бетсүйек-самай тармағы, r.zygomaticotemporalis, ол да аттас тесіктен шығып, самай жэне маңдайдың латералді бөлігінің терілерінде тармакталады. Екі нерв те өздерінің соңғы тармактарымен бет нервімен, n. facialis (132-сурет), кең байланысады.
Үшкіл нервтің IІІ тармағы (төменгі жақ нерві) топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары.
Үшкіл нерв (nervus trigeminus [V]), V жұп басүйек нерві, аралас, құрамында қозғалтқыш және сезімтал талшықтары бар. Сонымен қатар вегатиивтік түйіндердің келетін постганглийдік парасимпатикалық талщықтарында бірге жүретіндігін ескерген жөн:
Ядролары: 1-nucleus spinalis-сезімтал, жұлында жатады.
2-nucleus pontinus-сезімтал,көпірде орналасқан
3-nucleus mesencephalicus-сезімтал ортаңғы мида жатады
4 nucleus mototius n.trigemini-көпірде орналасады
Мида орналасқан жері: n.trigeminus сабауы- көпір мен мишақтың ортаңғы аяқшасының бір-бірімен қосылған жерінде немесе үшкіл бет сызығы бойында орналасқан.
Бас сүйектен өтетін жері: n.trigeminus бассүйек ішінде үш ірі тармаққа бөлінеді және олардық өтетін жерлері:
1-Көз нерві (n. ophthalmicus ) 2- Жоғарғы жақсүйек нерві (n. maxillaris ) 3- Төменгі жақсүйек нерві (n. mandibularis )
Төменгі жақсүйек нерві - п. mandibularis (117-126-суреттер 164 стр), үшкіл нервтің үш тармағының ішіндегі ең ірі, аралас нерв. Төменгі жақсүйек нерві үшкілдік түйіннен тармақталатын сезімтал тармак пен үшкіл нервтің кимыл түбіршігі бірігуінен түзіледі. Төменгі жаксүйек нерві бассүйек негізінен сопақ тесік аркылы шығып, екі негізгі - алдыңғы кимыл және арткы сезімтал тармақтарға бөлінеді. Төменгі жақсүйек нерві тармақтарға бөлінбей түрғанға дейін, менингиалдық тармақ, r meningeus, немесе қырлық нерв, n. spinalis, береді, ол сопақ тесік арқылы бассүйек қуысына қайтадан кіріп, ортаңғы бассүйек шұнкырындағы мидың қатты қабығын нервтендіреді. Төменгі жақсүйек нервтің артқы бетінен құлактык түйінге, ganglion oticum, үш-төрт қысқа сабаулар тармақталады.