Тақырыбы: Бактериялар генетикасы. Модификация. Мутация. Генетикалық рекомбинация. Плазмидалар. Міндеттері: - бактерияның және вирустың генетикалық аппаратының ұйымдастырылу принциптері және олардың тәжірибелік пен теориялық маңызы туралы білімін қалыптастыру.
- модификация, мутация, микроорганизмдердің рекомбинациясы жөнінде, және олардың механизмі, микробиология мен медицинадағы тәжірибелік маңызы туралы білімін жетілдіру. Және бактерияның фенотипі түсінік қатынасында.
- Плазмидалар, олардың инфектологиядағы маңызы туралы білімін қалыптастыру.
- Бактериялардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығы жайлы білімін алыптастыру.
- Рекомбинацияның түрлері, олардың механизмі, микробиология және медицинадағы тәжірибелік маңызы туралы білімін жетілдіру.
Трасформация, трансдукция және конъюгация бойынша тәжірибелердің қойылуының хаттамасын жазып алу.
Трансформация бойынша тәжірибе
Дата
Зерттеу материалы
Зерттеу барысы
Болжамалы нәтижесі
Реципиент
Staph.aureus Strs Донор
Staph.aureus Strr
Стрептомицин және ЕПА бар табақша стеклографпен 2 бөлікке бөлу
Бір жарты бөлігіне реципиент дақылынан себінді жасау.
Стерильді 1,0 мл. шыны түтікшеге (пробиркаға) реципиент дақылынан және донордан енгізу. Қоспаны 30 минутқа термостатқа қою, содан соң екінші жарты бөлігіне себінді жасау.