Пробиркалар бумасын термостатқа t – 370C 24 сағатқа қою.
Таза дақылды бөліп алу хаттамасын толтыру (зертеудің 1-2 күні)
Тақырыбы:Аралық бақылау Бактериологиялардың морфологиясы Міндеті: - Микроорганизмдердің морфологиясы бойынша материалдардың қабылдау деңгейін анқтау
Тақырыбы: Микробтардың көбеюі мен өсуі. Бактериялардың биохимиялық белгілері. Аэроб-микробтарының таза дақылын бөліп алу. ( зерттеудің 3-4 күні)
Міндеттері: - аэробтардың таза дақылын бөліп алудағы 3-4 кезеңдерін меңгеру және дағды қалыптасыру.
- таза дақылдарды бөліп алудың принциптері туралы білімін жетілдіру.
- микроорганизмдердің өсу ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.
- микроорганизмдердің көбею ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.
- микроорганизмдердің биохимиялық ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.
- микроорганизмдерді морфологиялық, тинкториалдық, даөылдық және биохимиялық көрсеткіштері бойынша идентификациялауды жүргізудің принциптерімен таныстыру.
- микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алудағы идентификацияны жасауды үйрету.
Биохимиялық құрылымы: Көмірсулардың, спирттердің, липидтердің бактериялық ферменттердің ажырау барысында pH қышқылға қарай жылжуы байқалады. Дифференциальды-диагностикалық ортаның да құрамына кіретін, нәтижесінде индикатордың түсі өзгереді.
рН ортасының өзгеруіне байланысты өзінің бояуын өзгертетін химиялық заттарды индикатор деп атайды
РН-тың шекті көрсеткіштерінде ғана әрбір индикатор өзінің түсін өзгертуге қабілетті.