Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекет басшысының «ТӘуелсіздік толғауы» шығармасын зерделеу аясында



жүктеу 405.3 Kb.

бет1/3
Дата29.12.2016
өлшемі405.3 Kb.
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Министерство образования и науки Республики Казахстан  

 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  



Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  

 

 



 

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК 

ТОЛҒАУЫ» ШЫҒАРМАСЫН ЗЕРДЕЛЕУ АЯСЫНДА 

ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАРДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ  

 

Әдістемелік нұсқау хат  

 

 

МЕТОДИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ  

ВОСПИТАТЕЛЬНОЙ И ИДЕОЛОГИЧЕСКОЙ РАБОТЫ 

В ОРГАНИЗАЦИЯХ ОБЩЕГО СРЕДНЕГО 

ОБРАЗОВАНИЯ В РАМКАХ ИЗУЧЕНИЯ 

ПРОИЗВЕДЕНИЯ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА  

«СЛОВО О НЕЗАВИСИМОСТИ»  

 

Инструктивно-методическое письмо  

 

 



 

Астана  


2015  

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы 

Ғылыми  кеңесімен  баспаға  ұсынылды  (2015  жылғы  18 

мамырдағы № 4 хаттамасы)  

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной 

академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 4 от 

18 мая 2015 года)  

 

Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  Мемлекет 



басшысының  «Тәуелсіздік  толғауы»  шығармасын  зерделеу 

аясында жүргізілетін тәрбие және идеологиялық жұмыстарды 

әдістемелік сүйемелдеу. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. 

Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 24 б.  

Методическое 

сопровождение 

воспитательной 

и 

идеологической  работы  в  организациях  общего  среднего 



образования  в  рамках  изучения  произведения  Главы 

государства  «Слово  о  Независимости».  Инструктивно-

методическое  письмо.  –  Астана:  Национальная  академия 

образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 25 с.  

 

Әдістемелік  нұсқау  хатта  жалпы  орта  білім  беру 



ұйымдарында  Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауы»  еңбегін 

оқыту  аясында  тәрбие  және  идеологиялық  жұмысын 

әдістемелік  қолдау  жолдары  әзірленген.  Әдістемелік  нұсқау 

хат мектеп басшыларына және мұғалімдерге арналған.  

В  данном  инструктивно-методическом  письме  разрабо-

тано методическое сопровождение воспитательной и идеоло-

гической  работы  в  организациях  общего  среднего  образова-

ния  в  рамках  изучения  произведения  Главы  государства 

«Слово  о  Независимости».  Инструктивно-методическое 

письмо предназначено для руководителей и учителей школ.  

 

© Ы. Алтынсарин атындағы  



Ұлттық білім академиясы, 2015  

© Национальная академия  

образования им. И. Алтынсарина, 2015  




Кіріспе  

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев 

Ұлытау  төріндегі  сұхбатында  «Менің  арманым,  ойым  – 

Қазақстанның мәңгілік  болуы.  Сондықтан  Мәңгілік  Ел  деген 

идеяны  ұсындым.  Мәңгілік  ел  болу  үшін  бәрін  жасап 

жатырмыз»  –  деді  [1].  Елбасы  өз  Жолдауында  «Біз 

Жалпыұлттық  идеямыз  –  Мәңгілік  Елді  басты  бағдар  етіп, 

тәуелсіздігіміздің 

даму 

даңғылын 



Нұрлы 

Жолға 


айналдырдық. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан 

таусылмас қуат көзі» – деп атап көрсетті [2].  

Президент 

Н.Ә. 


Назарбаев 

белгілеген 

институционалдық  реформаны  жүзеге  асырудың  «100  нақты 



қадам»  бағдарламасы  миллиондаған  қазақстандықтар  үшін 

болашаққа  бастар  даңғыл  жолды  белгіледі.  Президент 

ұсынған  Ұлт  жоспарының  әрбір  жолының  мазмұнында 

«Біздің  ел,  біздің  ұлт,  біздің  болашақ»  жасампаз  тарихи 

үндеуі айқын көрінеді [3].  

Елбасы  өз  жолдаулары  мен  еңбектерінде  білім  беру 

процесінің тәрбиелік әлеуетін күшейтуге көп көңіл аударады. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси  бағыты»  халыққа  Жолдауында  бала  тәрбиелеу  – 

болашаққа  ең  үлкен  инвестиция  екені  атап  көрсетілген. 

Ұлттық  және  әлемдік  білім  беру  жүйесінің  ең  үздік 

дәстүрлерімен тәрбиеленген ұрпақ мықты мемлекет, дамыған 

экономика  және  жалпыға  ортақ  еңбек  негізінде  берекелі 

қоғам құруға қабілетті [4]

 



Елбасы  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігі  күніне 

арналған  салтанатты  жиында  сөйлеген  сөзінде  біздің  тарихи 

өткенді  қабылдауымыз  қашанда  біртұтас  және  оң  пайымды 

болуы  тиіс.  Ол  барлық  қазақстандықтарды  бөлуі  емес, 

біріктіруі тиіс екенін атап көрсетті [5].  

Біздің  Тәуелсіздігіміз  Елбасының  ішкі  және  сыртқы 

саясатында,  халқымыздың  достығында  және  ұлы  бірлігінде, 


оның  қонақжайлығы  мен  дархан  көңілінде,  оның  бірегей 

тарихы  мен  көпэтникалы  мәдениетінде  жүзеге  асырылған 

халық  даналығының  берік  іргетасына  негізделген.  Еліміздің 

жастары  осы  қарапайым  да  түсінікті  шындықты  терең 

сезінулері  тиіс.  «Тәуелсіздік  толғауы»  шығармасын  орта 

мектептің  жоғары  сынып  оқушылары  міндетті  түрде  оқуы 

қажет.  


Н.Ә.  Назарбаевтың  «Тәуелсіздік  толғауы»  еңбегі  –  бұл 

барлық  білім  беру  бағдарламасына  арқау,  жас  ұрпаққа 

берілген  тілек  болуы  тиіс.  Ұлт  Көшбасшысы  Тәуелсіздіктің 

іргелі  негіздері  –  Жалпыға  Ортақ  Еңбек,  даналық, 

толеранттылық  және  халықтың  бірлігін,  Қазақстанның 

барлық  этностарын  құрметтей  отырып  олардың  тарихы, 

мәдениеті  мен  мемлекеттік  тілінің  бірегейлігін  ауқымды 

түрде  белгілеген.  Бұл  негіздерді  мектеп  жасынан  бастап 

Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматының  білуі 

маңызды.  

Ұсынылып  отырған  жұмыстың  мақсаты  –  жалпы  орта 

білім  беру  ұйымдарында  Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауы» 

еңбегін  зерделеу  аясында  тәрбие  және  идеологиялық 

жұмысты әдістемелік қолдау жолдарын дайындау.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




1  Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  Мемлекет 

басшысының 

«Тәуелсіздік 

толғауы» 

шығармасын 

зерделеу аясында тәрбие жұмысын әдістемелік сүйемелдеу  

 

Балалар  мен  оқушы жастарды тәрбиелеу жүйесін  дамыту 

Қазақстан  идеологиясының  негізгі  ережелеріне,  білім  беру 

саласындағы 

мемлекеттік 

саясаттың 

принциптеріне, 

мемлекеттік жастар саясатына сәйкес жүзеге асырылады.  

Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауы»  еңбегін  зерделеу  мен 

талдау  Қазақстан  халқының  өз  тағдыры  мен  өз  болашағын 

өздері  құру  мүмкіндігін  анықтауда  таңдаған  тарихи  күшінің 

дұрыс  және  көрегендік  екенін  көрсетіп  отыр.  Тәуелсіздік  – 

қазақ  халқы  көксеген  көпғасырлық  арманы,  қазақстандық 

патриотизм мақтанышының символы.  

Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Тәуелсіздік  толғауы»  еңбегінде 

әрбір  жас  буынның  жүрегіне  Отанға  деген  сүйіспеншілік 

дарытқан  жағдайда  еліміз  өркендейтінін  атап  көрсетті. 

Жастарымыз  ел  тәуелсіздігі,  ұлт  мұраты,  ұрпақ  болашағы 

сияқты  ұлы  құндылықтарға  бейім  болып  өсуі  тиіс.  Ұлт 

Көшбасшысы  өзіне  талап  қою,  өзгелерге  адалдық,  еліне 

берілгендік  өскелең  ұрпақ  тәрбиесінде  негізгі  кезеңдер  деп 

санайды.  

Баянды  бейбітшілік  пен  халықтар  арасында  келісімді 

қамтамасыз  ету,  толеранттылықты  тек  қана  саяси  норма 

ретінде  емес,  қазақстандықтардың  өмір  салты  ретінде  енгізу 

мемлекеттік  қызметтегі 

алғашқы 

күнінен-ақ 

Елбасы 

назарында болды.  



Соңғы  жылдары  өскелең  ұрпақ  тәрбиесімен  байланысты 

болған  жаңа  проблемалар  тәрбиенің  мәні,  оның  қоғамдық 

өмірдегі орны мен рөлі қайта ойластырумен келісілген.  

Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 

бағыттарының  бірі  –  білім  алушыларды  тәрбиелеуде,  оның 

ішінде  балалар  мен  оқушы  жастарда  азаматтық,  патриотизм, 

жауапкершілік, 

еңбексүйгіштік, 

рухани-адамгершілік 

құндылықтар,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  білім 



беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету 

болып табылады.  

Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарының  тәрбие  жүйесінде 

сынып  жетекшісінің  орны  ерекше.  Оқушы  тұлғасын 

қалыптастыру  ісі  оның  жұмысты  ұйымдастыру  біліктілігіне 

байланысты.  

Сынып 


жетекшісі 

жүргізетін 

ұйымдастыру-тәрбие 

жұмысы  идеологиялық  және  тәрбие  жұмысының  (сынып, 

білім  беру  ұйымдары)  жоспарларына  сәйкес  сабақтан  тыс 

кезде жүзеге асырылады.  

Тәрбие  жұмысының  келесі  түрлері  бар:  оқушылармен 

жүргізілетін  жеке  және  топтық  жұмыс,  идеологиялық, 

мәдени-демалыс,  дене  шынықтыру-сауықтыру,  спорттық-

көпшілік  жұмыс,  салауатты  өмір  салты  біліктілігін 

қалыптастыру,  қоғамдық  пайдалы  қызметті  ұйымдастыру, 

еңбек  тәрбиесі  және  кәсіптік  бағдар,  оқушылардың  заң 

бұзушылық мінез-құлқының алдын алу және т.б.  

Сынып  жетекшісі  білім  беру  ұйымының  әлеуметтік-

педагогикалық  және  психологиялық  қызмет  мамандары  – 

әлеуметтік  педагогпен  және  педагог-психологпен,  педагог-

ұйымдастырушымен 

және 


т.б. 

тығыз 


байланыста 

жұмыс істейді.  

Сынып  жетекшілері  жүргізетін  оқу-әдістемелік  жұмыс 

педагогикалық 

кеңестер, 

әдістемелік 

бірлестіктер, 

семинарлар,  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  институттары, 

педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  қызметкерлерімен 

тақырыптық  кездесулер  арқылы,  сондай-ақ  Елбасының 

«Тәуелсіздік  толғауы»  еңбегі  кең  де  терең  оқытылуы  тиіс 

курстық дайындық арқылы жүзеге асырылады.  

Білім  беру  ұйымдарында  педагог-ұйымдастырушы  білім 

алушылармен сабақтан тыс қызметті жоспарлайды, сондай-ақ 

идеологиялық  және  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруға 

тікелей  қатысады.  Оның  жұмысы  қызығушылығы  бойынша 

бірлестіктердің, 

балалар 


мен 

жастардың 

қоғамдық 

бірлестіктерінің қызметін үйлестіруге бағытталған.  



Педагог-ұйымдастырушының қызметі білім алушылардың 

қабілетін 

дамыту, 


олардың 

жеке 


ерекшеліктерін, 

қызығушылығы  мен  бейімін  ескере  отырып  бос  уақытын 

ұйымдастыру үшін жағдай жасауға бағдарлануы тиіс. Балалар 

және 


жастар 

бірлестіктерімен 

жұмыста 

Елбасының 

«Тәуелсіздік толғауы» еңбегіне ерекше мән беруі қажет және 

«Мәңгілік  Елдің  ұлы  тарихы»,  «Тәуелсіздік  және  Еркіндік», 

«Тәуелсіздік  –  бұл  Жалпыға  Ортақ  Еңбек»  т.б.  тақырыптар 

бойынша семинарлар, диспуттар, кештер өткізуі тиіс.  

Балалар 

қозғалысының 

дайын 

көшбасшылары 



болмайынша  балалар  қоғамдық  ұйымдарының  жұмысы 

табысты  болуы  мүмкін  емес.  Бұл  жерде  Елбасының 

көшбасшылық  қасиеттері  бар  белсенді  жастарды  дайындау 

туралы  ұсынысы  маңызды.  Белгілі  психолог  Фрэнк 

Карделлдің  теориясы  бойынша  өз  мінезі  мен  әдетінің 

сипаттарын  қалай  өзгертуге  болатыны  туралы  дәрістер 

ұйымдастыру  және  өткізу;  «Идеялар  іздестіру»,  «Креативті 

идеялар»,  «Мен  –  көшбасшы»  және  т.б.  тренингтер 

ұйымдастыру орынды. Мұндай жұмыстар үнемі және жүйелі 

түрде жүргізілуі қажет. Бір мезгілде педагог-ұйымдастырушы 

сынып  белсенділерімен  қатар,  сынып  жетекшілерін  оқытып 

қана  қоймайды,  педагогтың  білім  алушылармен  және 

олардың  заңды  өкілдерімен  жетекші  бағыттар  бойынша 

жұмысты  үйлестіреді.  Педагог-ұйымдастырушының  іс-

әрекетінде мәдениет, спорт және туризм мекемелерімен бірге 

қоғамдық пайдалы және бос уақытты ұйымдастыру қызметін 

ұйымдастыру,  кәмелетке  толмағандар  арасында  құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу  бойынша  педагогикалық  ұжым 

жұмысына қатысу маңызды болып табылады.  

Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту аясында 

жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  тек  сыныптан  тыс 

уақытта  ғана  емес,  сонымен  қатар,  пәндерді  оқытуда  да 

азамат-патриотты тәрбиелеу қажет.  

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә. 

Назарбаевтың  «Тәуелсіздік  толғауын»  зерделеудің  өзектілігі 



мынада:  қазір  –  елдің  сын  тезінде  тұрған  уақыты. 

Дүниежүзілік  дағдарыстар  әлемді  шарпып  барады;  жер 

бетінде  тынымсыз  арпалыстар,  бәсекелестік  пиғылдар, 

агрессиялық  әрекеттер  күшейді;  ел  мүддесіне  жат  діни 

экстремистік  ағымдар  да  қауіп  төндіруде.  Елбасының  өз 

сөзімен айтсақ, «Тұтас дүниені шарпыған дағдарыстар бүгінгі 

күннің  басты  сипатына  айналуда.  Жаһандық  экономика 

кезекті рет соқтықпалы, соқпақсыз жолға аяқ басты».  

Мұндай  жағдайда  қоғамды  сөзбен  ұйымдастырып, 

Отанымызға  деген  сүйіспеншілікті  нығайта  түсу  маңызды. 

Жасампаз  халықтың  өткен  тарихымен  рухтандырып, 

болашаққа  деген  адамдардың  наным-сенімін  күшейте  түсу  – 

кезек күттірмейтін іс.  

Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауын»  оқытудың  мақсат-

міндеттері төмендегідей болмақ:  

«Тәуелсіздік  толғауы»  туындаған  Уақыт  пен  Кеңістіктің 

қазіргі  сипатын  білгізе  отырып,  оқушылардың  «Толғауда» 

көтерілген  мәселелерді  сараптап  талдай  алуына  қол  жеткізу 

және 


Елбасының 

әр 


сөзіндегі 

мағынаны 

ұғып, 

ойқорытындысын  жасауға  мүмкіндік  туғызу.  Сөз  иесі  – 



Елбасының  шешендік  толғамын  пайымдап,  шешеннің 

Тұлғалық  бейнесін  тану.  Елбасының  сөзінен  туындайтын 

міндеттерді  саралау,  ол  міндеттердің  шешілу  жолдарын 

өздігінен ұсыну.  

Оқытудың  әдіс-тәсілдері:  «Тәуелсіздік  толғауында» 

қамтылған  нысандардың  жалпы  белгілері  мен  қасиеттерін 

анықтауға  мүмкіндік  беретін  жалпылау  ойлау  әдісі; 

халқымыздың  ұлы  көшінде  жасаған  тарихи  іс-әрекеттерінің 

маңыздылығын тануға көмектесетін тарихи таным әдісі; жан-

жақты  зерттеу  мақсатында  бүтін  бір  затты  құрамдас 

бөліктерге  (жақтарына,  белгілеріне,  қасиеттеріне  және  т.б.) 

бөліп қарастыратын талқылау әдісі; жеке қорытулар негізінде 

жалпы  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  беретін  жинақтау  әдісі, 

ойқорыту әдісі т.б.  

Елбасының осы бір тарихи сәтте жасаған баяндамасы мен 


болашаққа бағытталған жүрекжарды Толғауын әртүрлі топта, 

әрбір  сыныпта  оқыту  көзделіп  отыр.  Оның  мән-мағынасын 

интербелсенді 

оқыту 

технологияларының 



көмегімен 

түсіндіруге және қабылдауына мүмкіндік жасауға болады.  

Қазақ  тілі  сабақтарында  қолданылатын  интербелсенді 

оқыту  технологиясы.  «Толғауды»  оқыту  сабағында  бір  ғана 

дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты 

табуға  емес,  керісінше  оқушының  мәселелерді  іздеп  табу 

процесінің  өзі  болып  табылады.  Мысалы,  олар  Толғауда 

көтерілген  мына  мәселелер:  Қазақстан  Республикасының 

тұңғыш рет тәуелсіз ел атануы; 100-ден астам ұлт өкілдерінің 

егемен  мемлекетте  өзара  түсіністік  пен  келісімде  өмір  сүруі; 

туған  жеріміздің  қазба  байлықтарына  дербес  иелік  етуіміз; 

болашағымызды  өз  қолымызбен  жасау  мүмкіндігі;  еліміздің 

экономикалық  өсуінің  кепілі  –  Тәуелсіздік  рухында 

жатқандығы; Тәуелсіздік – сан буын бабалардың асыл арманы 

болғандығы;  Тәуелсіздік  –  еліміздің  көреген  сыртқы  саясаты 

мен ішкі саясатында екендігі; Тәуелсіздік дегеніміз – жалпыға 

ортақ  еңбек  екендігі,  Тәуелсіздіктің  өмірлік  философиясы  – 

Мәңгілік Ел екендігі.  

«Тәуелсіздік  Толғауын»  зерделеуді  интербелсенді  оқыту 

арқылы жүзеге асыру ұсынылады.  

Интербелсенді  оқытуда  бірлесе  үйрену  идеялары 

ұстанғандықтан,  бұл  жерде  әсіресе  бірлескен  топтық  жұмыс 

әдістерінің  маңызын  баса  айту  керек:  олар  Елбасы  Тұлғасын 

танудың тиімді құралы болып табылады. «Толғау» туындаған 

Уақыт  пен  Кеңістік  туралы  дүниетаным  қалыптастырып, 

қазіргі  адамдар  өмір  сүріп  отырған  Кеңістікте  туындаған 

мәселелердің  себептерін  түсінуге  ықпал  жасайды.  Топтық 

жұмыстар  барлық  оқушылардың  жұмысқа  белсене  қатысуын 

қамтамасыз етеді.  

Бірлесе  оқуда  әрбір  оқушы  оқудың  ортақ  мағынасына 

және  қорытынды  нәтижесіне  өз  үлесін  қосып,  басқалармен 

өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді 

нәтижеге  жету  жолдарын  анықтайды.  Мұндай  әрекетте 


10 

оқушылар  бір-бірін  жақтыру,  өзара  сыйласымды,  қолдау 

аурасында,  жағымды  психологияда  өтіп,  танымдық  үдерісті 

ынтымақтастық  пен  бірлесу  деңгейлеріне  көтереді,  қарым-

қатынасты  негізгі  нысаны  диалогты  танымның  басты 

құндылығына  айналдырады.  «Тәуелсіздік  Толғауынан» 

алынатын  білім  бірлескен  әрекеттер  арқылы  игеріледі  де, 

оқытудың  негізгі  мақсаты-адал  өмір  сүруге  үйрену,  адам 

болып қалуға жетелеу болады.  

Пікірталас  –  оқушылардың  сыныпта  немесе  шағын  топ 

ішінде «Тәуелсіздік толғауынан» туындаған нақты бір өмірлік 

мәселе  бойынша  өзіндік  көзқарастары  мен  пікірлерімен 

алмасып,  оларды  дәлелдеп,  өзге  позициялармен  толықтыру 

әрекеттері.  

Оқушылар  пікірталаста  еркін  қарым-қатынаста  болып, 

өзінің  ойын,  өз  ұстанымын  қалыптастыру  және  қорғау, 

оларды 

өзге 


пікірлермен 

салыстыру 

әрекеттерімен 

айналысады.  Пікірталас  оқушыларға  Елбасы  баяндамасында 

көтерілген  проблемаларды  әкеліп,  оларды  әртүрлі  көзқарас 

тұрғысынан  қарастырады,  ең  тиімді  шешімдерін  табуға 

бағыттайды.  

Дөңгелек үстел. 4-6 оқушыдан тұратын топтар Елбасының 

баяндамасында  талқыланып  жатқан  мәселе  бойынша  өз 

ойларын  ортаға  салады.  Мұнда  олар  кезекпен  де,  кез  келген 

тәртіппен  де  (таңдап  алған  ережелері  бойынша)  сөйлеуі 

мүмкін. Пікірталасқа берілген уақыт аяқталған соң (әдетте 4-

10  минут),  оқушылар  талқылаудың  нәтижелерін  тиянақтап, 

ортақ  қорытынды  шешім  қабылдайды,  өз  ойларын  6  минут 

ішінді қағазға түсіреді.  

Ток-шоу. Елбасының «Тәуелсіздік Толғауын» жариялаған 

баяндама  желісі  бойынша  ұйымдастырылады.  Пікірталастың 

бұл  түрі  талқыланатын  проблема  бүкіл  аудитория  үшін 

қызықты және өзекті болған жағдайда тиімді болады.  

4-5  оқушы  (оларды  алдын-ала  дайындаса  да  болады 

немесе оларды сабақ барысында міндеттеуге де болады) бүкіл 

аудиторияның алдына шығып, ұсынылған проблема бойынша 



11 

өз ойларын жария етеді. Жүргізуші (оқытушы немесе алдын-

ала  дайындалған  оқушы)  үнемі  олардың  көзқарастарының 

қарама-қарсы  жақтарына  назар  аударып,  пікірлердің 

қақтығысына  жол  береді.  Әр  қатысушы  өз  ойларын 

дәлелдеуге  тырысып,  қарсы  пікірлерге  дау  айтады.  Әр 

оқушының  талқыланып  жатқан  мәселе  бойынша  өз  пікірлері 

болуы  керек.  Қалған  аудитория  тек  тыңдайды,  олардың 

талқыға қатысу құқығы болмайды.  

Пікірталас  соңында  жүргізуші  талқыны  қорытындылап, 

ортақ шешім табуға тырысады. Барлық оқушылар өз ойларын 

жазбаша  келтіріп  (әдетте  6 минут  ішінде),  жұмыстарын  бір-

біріне оқып береді.  

Форум. Пікіталастың бұл түрі «Ток-шоуға» ұқсас. Мұнда 

тек  қалған  аудитория  талқыға  түсе  алады:  өз  орындарынан 

сұрақ  қойып,  өз  пікірлерін  берілген  мерзімде  қысқа  түрде 

баяндайды. Осы арқылы бүкіл аудитория пікірталасқа қатыса 

алады.  


Симпозиум. Оқушылар Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» 

еңбегінен  мұғалім  берген  тақырыптары  бойынша  өз 

баяндамаларын  топ  алдында  оқып,  тыңдаушылардың 

сұрақтарына жауап береді. Жүргізуші пікірлердің қақтығысы 

мен  қарама-қайшылықтарына  назар  аударып,  пікірталас 

ұйымдастырады.  Аудиторияның  пікірі  екі  жақты  болып, 

әртүрлі 

көзқарастар 

айтылғаны 

орынды. 


Пікірталас 

баяндамашы 

ұстанған 

көзқарас 

төңірегінде 

ұйымдастырылады.  

Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету.  Сыни  тұрғыдан  ойлау 

«ойлау  туралы  ойлану»  деп  сипатталады.  Ол  «Тәуелсіздік 

толғауындағы»  маңызды  мәселелерді  талқылауды  және 

тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Сыни  тұрғыдан 

ойлау – қазіргі таңда Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін 

маңызды  болып  табылатын  ең  басты  педагогикалық  түсінік. 

Бұл  модуль  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де  сыни 

тұрғыдан ойлауын саналы дамытуды және оймен қабылдауын 

көздейді.  


12 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  «Толғау»  мәтінінің  мазмұнын 

есепке  ала  отырып,  бақылау  мен  тыңдау  арқылы  дәлелдер 

жинастыру  және  шешім  қабылдау  үшін  талапқа  сай 

өлшемдерді 

қолдану 


сияқты 

дағдыларды 

дамытуды 

қарастырады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  оқушылардың  бұрынғы 

қалыптасқан  бақылау,  талдау,  қорытынды,  интерпретация 

дағдыларына  сүйенеді.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  барысында 

оқушылар  «Тәуелсіздік  Толғауын»  оқиды,  ол  туралы 

айтылған  деректермен  ақпарат  көздерінен  танысады,түрлі 

ақпарат 

көздерінен 

алынған 

дәлелдер 

арасындағы 

байланысты  табады,  әртүрлі  пікірлердің  ұқсастықтары  мен 

айырмашылықтарына 

талдау 


жасайды, 

жинақталған 

ақпараттардың  өзектілігін,  маңыздылығын  анықтайды. 

Дәлелдерді  негіз  етіп  алынған  болжамдарды,  ұстанымдарды 

айқындайды.  

«Кейс-стади»  әдісі.  «Кейс-стади»  –  таңдау  жасау  мен 

шешім  қабылдау  дағдыларын  қалыптастыратын  тиімді  әдіс. 

Ол  Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауында»  көрсетілген  нақты 

жағдаяттарды  практикалық  тұрғыдан  талдау  мен  оларды 

өмірде  кезігетін  түрінде  қайталауға,  «ойнап»  шығуға 

негізделеді.  Сол  себепті  де  кейс-стадиді  кейде  «нақты  оқу 

жағдаяттар  әдісі»  деп  те  атайды.  Бұл  әдісті  қолдану 

барысында  балалар  кез  келген  теориялық  мәлімет  пен 

ақпаратты  талдайды,  негізгі  проблеманы  айқындайды, 

туындаған мәселені шешу үшін әртүрлі жолдарды іздестіреді, 

сараптау  жасау  арқылы  шешімдердің  ішінен  ең  тиімдісін 

таңдайды, өз іс-әрекеттерін жоспарлайды.  

«Ой  қозғау»  («Ми  шабуылы»)  әдісі.  Бұл  әдісті  қолдану 

барысында  еркін  ассоциациялар  арқылы  «Тәуелсіздік 

толғауы»  бойынша  жаңа  идеяларды  көптеп  келтіріп,  оларды 

жинақтау  керек.  Мұндағы  басты  мәселе  идеялар  мен 

ойлардың сапасында емес, керісінше, олардың санында болып 

тұр.  «Ой  қозғау»  әдісін  қолдану  барысында  оқушылар 

проблемаларды  негізгі  терминдер  арқылы  құрастырып,  бір 

ғана  ең  басты  мәселені  айқындайды.  Мысалы,  «Мәңгілік  Ел 


13 

болу»  мәселесін  бөліп  алады.  Мәңгілік  Ел  болу  жолындағы 

идеяларды  толық  тізіп  жазып  алғаннан  кейін,  әрқайсысын 

мұқият зерттеп, ұсынылған ойлардың ішінен нақты жағдайда 

қолдануға болатындары таңдалып алынады.  

«Айтушы  ойын  өзі  үшін  айтпайды.  Өзге  үшін  айтады» 

деген  А. Байтұрсынов  қағидасына  сүйеніп,  мәтінді  автордың 

түпкі  ойы  тұрғысынан  талдау  көп  нәтижеге  қол  жеткізеді. 

Елбасы 

«Тәуелсіздік 



толғауы» 

еңбегін 


оқырманға 

(тыңдарманға)  арнап  жазды.  Бұл  –  әлеуметтік-саяси 

шешендіктің  озық  үлгісі.  Оқырман-оқушы  оны  түсінуге 

талаптанып,  Елбасының  шығармашылық  ойына  тереңдеуді 

көздейді.  Бұл  мәтіннің  сыртқы,  сөздік  жағын  ұғынудан 

тұрады,  яғни  сөздің  лексикалық,  грамматикалық  және 

стилистикалық  сырын  ұғынумен,  танумен  байланысты  өтеді. 

Тілдік-стилистикалық 

талдау 

мәтінді 


оқырманның 

қабылдауына көмек болады.  

Мәтінді  қабылдау  оның  тұтастығын  түсінуден  басталып, 

тірек сөздердің байланысына негізделеді. Тірек сөздердің бір-

бірімен  байланысы  макробайланысқа  жатады.  Тұтас  мәтін 

тірек  болатын  бір  ойға  құрылған,  ол  –Тәуелсіздіктің 

нәтижесінде  Мәңгілік  Ел  болу.  Мәтіннен  тірек  сөздерді 

іріктеу,  сөздің  жиілікпен  қолданысына  назар  аудару,  сөздік 

қайталаулар,  қаратпа  сөздер  –  мәтінді  тұтастырып  тұратын 

тілдік белгілер. Тірек сөз ең алдымен тақырыпта тұрады және 

мәтіннің  алғашқы  сөйлемінің  құрамында  жүреді,  сондай-ақ 

абзацтардағы берілген ойға түп қазық болады. Мәтіннің түпкі 

мазмұндық  негізі  Елбасының  «Тәуелсіздіктің  өмірлік 

философиясы – Мәңгілік Ел» деген тұжырымында жатыр.  

Тәуелсіздік  толғауын  түсіндіру  барысында  оқушыларға 

рухани 


байлық 

сол 


халықтың 

тілі, 


әдет-салты, 

дүниетанымында  жататынын  баса  жеткізіп,  назарда  ұстаған 

жөн.  Ұлттық  байлықты  ұрпақ  тәрбиелеудегі  рөлмен,  білім 

берудегі  озық  ұстанымдармен  байланыстыра  отырып,  әр 

жастың  қабілетін,  өздік  ізденісін  ашу,  өзіне  деген  сенімін 

нығайту  −  басты  міндет.  Мақсат  қоя  отырып  оқыту 



14 

технологиясын  пайдалану  барысында  әдеби  жаттығу-

тапсырманын  маңызы  ерекше.  Оларға  ретіне  қарай 

төмендегідей сұрақтар беруге болады. (Үлгі)  

1.

 

«Тәуелсіздік  оңай  жолмен  келген  жоқ»  дегенді  қалай 



түсінесің?  

2.

 



«Егемендіктің ертеңі зор» түсінігіне сипаттама бер.  

3.

 



Елбасының еліне жасаған еңбегін суреттеп беріңдер.  

Жұмыс  барысында  ізденіс пен іскерлік  сабақтаса  өріледі, 

ой  толғанысқа  жетелейді,  талдау,  салыстыру  көмекке  келеді. 

Олар:  өзіндік  шешімге,  бағалауға,  жинақтауға  ұмтылады. 

Әдеби 

жаттығуды 



орындау 

барысында 

«Тәуелсіздік 

толғауындағы»  автор  үнін  танып,  Елбасының  ішкі 

толғанысын  түсіне  байқап,  мағынасына  бағдар  жасалып, 

көркемдік  сипатына  ерекше  мән  беріледі.  Негізгі  түйін  – 

Елбасы тілеген арман, жастарға деген сенім, үміт болашақтың 

баспалдағына  сенім  артып,  алға  жылжиды.  Елімізде 

жүргізіліп  отырған  ішкі  және  сыртқы  саясат  –  халықтың 

қажымас  қайраты,  даналығы,  талмай  төккен  тердің  өтеуі 

екеніне  оқушылар  баса  назар  аударады.  «Тәуелсіздік 

толғауын» жастарымыз саралай отырып, Мәңгілік Ел болып, 

өз  шапағатымен  басқаларды  біріктіру,  жаңа  белеске  шығу 

керектігін түсінеді. Тәуелсіздік рухына өз жүректерінен берік, 

мызғымас  орын  беріп,  бүгінгі  Қазақстанның  әрдайым 

жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болуы ұрпаққа аманат екеніне 

бас иеді.  

Сабақты  «Өз  елім»  әнінің  «Тілегін  тәңір  берген,  Қасиет 

қонған  елім»  деген  жолдарымен  аяқтауға  болады.  Әдебиет 

сабағында 

бағдарлама 

бойынша 


ақын-жазушылардың 

шығармаларын  өткенде  Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауы» 

еңбегін  ретіне  қарай  кіріктіріп  отыруға  болады.  Бұл  әр 

ұстаздың шеберлігіне келіп саяды.  

Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауы»  еңбегін  жалпы  орта 

білім  беретін  мектептердегі  тарих  пәнінде  оқытуда 

проблемалық,  суреттеп  жазу,  салыстырмалы  құрылымдық, 

феноменологиялық,  идеографиялық  әдістерді,  тарихи  және 



15 

сыни  тұрғыдан  талдауды,  аналогиялық  тәсілді  және  т.б. 

әдістерді  қолдану  ұсынылады.  Осы  тақырыптардың  түйінді 

тұстарында  фактологиялық  материалдарға  ерекше  назар 

аудару қажет.  

9,  11  сыныптардағы  Қазақстан  тарихы  пәні  бойынша 

«Тәуелсіз, 

егемен 


Қазақстан» 

тақырыбын 

өткенде 

«Ассоциациялар»  (3  минут)  жаттығуын  пайдалануға  болады. 

Мұғалім  «Тәуелсіздік»  сөзін  маркер  тақтаға  және  балаларға 

парақтың  ортасына  жазуды  ұсынады:  1)  Ойларыңдағыны 

жазыңдар.  Өз  ойларың  туралы  ешқандай  қорытынды 

жасамаңдар,  тек  жазыңдар.  2) Жазылу  немесе  басқа  да 

ережелерге  көңіл  аудармаңдар.  3)  Сөзді  жазып  болысымен 

олардың арасына лайық деген байланыстарды сыза бастаңдар. 

4) Уақыт  аяқтамайынша  жазуды  тоқтатпаңдар.  5)  Мұғалім: 

«Тәуелсіздік» 

сөзін 

жазғанда 



оқушыларда 

қандай 


ассоциациялар пайда болады? Тақтаға балалар айтқан барлық 

сөздер  жазылады,  сонан  кейін  оқушылардың  ойынша  ең 

маңызды  деген  5,  кейіннен  3  сөз  іріктеліп  алынады. 

Тәуелсіздік  –  мемлекеттің  саяси  және  экономикалық 

мәселелерді  шешудегі  дербестік  алу  құқығы  деген  ортақ 

қорытынды  жасалады.  Сонан  кейін  экранда  тәуелсіздіктің 

негіздері  және  принциптері,  Елбасының  «Тәуелсіздік 

толғауы» еңбегінен дәйексөздер беріледі.  

«Қазақстан  тарихы»  және  «Адам.  Қоғам.  Құқық» 

сабақтарында  интербелсенді  «Джигсо»  (30  минут)  ойынын 

өткізу ұсынылады. Ойынның мақсаты: «Тәуелсіздік толғауы» 

еңбегін  оқу  барысында  оқушыларды  тәуелсіз  Қазақстан 

туралы ақпарат алуға үйрету.  

Ойынның тәртібі:  

1)  Мұғалім  мәтінді  5  бөлікке  бөледі:  Тәуелсіз 

Қазақстанның  қоғамдық-саяси  дамуындағы  өзгерістер; 

Тәуелсіз  Қазақстанның  әлеуметтік  саясаты;  Қазақстанның 

сыртқы  саясаты  және  халықаралық  жағдайы;  Тәуелсіз 

Қазақстанның мәдениеті.  

2)  Оқушылар  тобын  бес  жұмыс  тобына  бөлу,  мәтінде 



16 

неше бөлік болса, әр топта сонша қатысушы болады. Әр топ 

ішіндегі әрбір қатысушыға түс және нөмір берілу жүргізіледі. 

Бұл  жағдайда  топтарда  әртүрлі  түсі  және  1-ден  5-ке  дейінгі 

нөмірі бар бес оқушыдан.  

3) Оқушылар өзін белгілі бір топпен сәйкестендіруі үшін 

түрлі-түсті жапсырмалары бар бейдждер дайындалады. Әрбір 

оқушы  «Үй»  және  «Сараптау»  топтарының  қатысушысы 

болуы тиіс.  

4)  Оқушыларды  бес  үйдегі  «топтар»  бойынша  бөледі. 

«Үй»  топтары  оқушыларының  бейдждері  түрлі-түсті  болуы 

тиіс.  


5)  Мұғалім  сараптау  топтарындағы  жұмыс  бойынша 

нұсқамалық  жұмыс  жүргізеді.  Оқушылар  бірдей  тапсырма 

алған  соң  нөмірлері  бойынша  бір  топқа  отырады,  мысалы, 

Саясат (қызыл түс, барлық бірінші нөмірлер және т.б.). Бірдей 

тапсырма  алған  оқушылар  бір  топқа  жиналып,  түрлі-түсті 

жолақты  тақташа  қойылған  стол  басына  орналасады.  Олар 

мәтінді мұқият талдайды, сұрақтар құрастырады.  

6) Мұғалім оқушыларды «үйге» қайта оралуға шақырады, 

олардың  әрқайсысы  өздерінің  үйдегі  топтарын  хабардар  етуі 

тиіс.  Үй  топтарында  сараптау  тобынан  бір  адамнан  болуы 

қажет.  Оқушылар  кезек  бойынша  бір-біріне  материалдың 

мазмұнын айтып береді.  

7)  Мұғалім  материалды  меңгергенін  тексеру  үшін 

сұрақтар  қояды  (15  сұрақтан  тұратын  тест).  Код  көмегімен 

жауаптардың  дұрыстығын  тексереді.  Бағалау  критериін 

жариялайды.  1-ден  8-ге  дейін  дұрыс  жауап  үшін  «3»,  9-дан 

12-ге  дейін  –  «4»,  13-тен  15-ке  дейін  «5»  қойылады.  Топтар 

бойынша  балл  саны  есептеледі,  алдын  ала  дайындалған 

білімді бағалау шкаласы бойынша баға қойылады.  

Ойынның  схемасы:  Саясат  –  қызыл.  Экономика  –  көк. 

Қоғам – сары. Сыртқы саясат – күлгін. Мәдениет – жасыл.  

Бірінші кезең: түрлі-түсті, Үй топтарын құру. № 1 топ 1 2 

3 4 5.  

Екінші  кезең:  сараптау,  бір  түсті  топтарға  ауысу.  Бірінші 



17 

стол 1 1 1 1 1.  

Екінші стол 2 2 2 2 2 және т.б.  

Үшінші кезең: Үй топтарына оралу, ақпарат алмасу.  

Төртінші кезең: бақылау, тестілер.  

«Синквейн»  жаттығуы.  Мұғалім  оқушылардан  бес  жолға 

келесі  тапсырманы  жазуды  сұрайды:  1-жол  –  Атауы  (көп 

жағдайда,  зат  есім)  –  бір  сөз.  2-жол  –  Суреттеу  (әдетте,  сын 

есім)  –  екі  сөз.  3-жол  –  Іс-әрекет  (етістік)  –  үш  сөз.  4-жол  – 

Сезім  (сөйлем)  төрт  сөзден  тұратын  сөйлем,  тақырыпқа 

қатыстыны  білдіреді.  5-жол  –  Мазмұнның  дәлелі  (бір  сөз)  – 

бірінші жолдың синонимі.  

Қорытынды жасау.  

1-оқушы:  Қазақстан  тәуелсіздік  жылдарында  әлемдегі 

ешбір ел жете алмаған жетістіктерге қол жеткізді.  

2-оқушы:  Тәуелсіздік  жылдарында  қазақстандық  жолдың 

негізгі  құндылықтары  қалыптасты  –  Еркіндік,  Бірлік, 

Тұрақтылық, Өркендеу.  

Сонымен,  Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауы»  еңбегін 

жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  оқыту  аясында  тәрбие 

жұмысын әдістемелік дұрыс ұйымдастырған жағдайда жастар 

өзінің  табанды  еңбегі  мен  мақсаттылығының  арқасында 

білімді  адам  және  өз  ісінің  маманы,  Қазақстанның  азаматы-

патриоты бола алатынын жақсы түсінеді.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



18 



  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал