дамыту бойынша ұсынымдар
Зертханалық және практикалық жұмыстың көлемін орындау үшін
ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) пайдалану,
білім алушылардың эксперименттік деректермен жұмыс істеу және қорытынды
жасау қабілетіне назар аудару ұсынылады.
Зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізу, өңірлік және жергілікті
аспектілерде қолданбалы маңызы бар жобаларды жазу, Қазақстанның
жаратылыстану саласындағы ғылыми жетістіктерін зерделеу ұсынылады.
Жергілікті сипаттағы материалдарды (объектілер, кәсіпорындар, ақпарат
көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау қызметін ұйымдастыру арқылы
білім алушыны танымдық және әлеуметтік тұрғыдан жандандыру ұсынылады.
Техника, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетиканың әртүрлі
салаларындағы жетістіктер ғылыми идеяның дамуы мен ғылыми прогрестің
жарқын мысалдары болып табылады.
Мұғалімдер бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытудың
өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескеруі керек:
-
пән мазмұнындағы базалық білім жүйесі білім алушылардың
қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы
бастапқы білімдерін қалыптастырады;
-
пән білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған: сұрақтар қою және осы сұрақтарға жауап табу, зерттеу жоспарын
әзірлеу және болжау, сұрақтарға жауап іздеу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу
нәтижесінде алынған деректерді жалпылау, өңдеу және түсіндіру;
-
зерттеу жұмыстары мен эксперименттер жүргізу арқылы тапсырманы
өз бетінше іздеу және қорытындыларды дұрыс тұжырымдау дағдыларын
қалыптастырады, баланың ойлау қабілеті мен ғылыммен айналысуға деген
ұмтылысын дамытады;
-
білім алушылар сыни тұрғыдан ойлау формаларын меңгереді, шынайы
жаңдайларда шешім табуды, сұрақтар қоюды, ғылыми-зерттеу жұмысының
тәсілдерін түсінуді және бақылауды үйренеді.
Жаратылыстану пәнін зерттеуде қолданылатын зерттеудің негізгі
принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ғылыми
көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
42
Жаратылыстану саласындағы метапәндік және пәндік құзыреттілік - бұл
бақылаулар мен эксперименттерге негізделген тұжырымдар жасау үшін ғылыми
әдістер арқылы зерттеуге және шешуге болатын нақты жағдайларда мәселелерді
шешу үшін жаратылыстану білімін пайдалану мүмкіндігі. Бұл тұжырымдар
қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекеті енгізетін өзгерістерді түсіну және
тиісті шешімдер қабылдау үшін қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік
нәтижелері негізінен жалпы кәсіби білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің күтілетін
нәтижелері негізінен кәсіптік білім беруге даярлауға, базалық курста
көзделгеннен неғұрлым терең жолымен білім алушылардың жеке қабілеттерін
дамытуға, ғылым негіздерін, жүйелі білімді игеруге бағытталған.
Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша метапәндік құзыреттіліктерді
дамытуға талдау әдістері мен тәсілдері төменде келтірілген әдістер арқылы қол
жеткізуге болады.
1. Оқыту әдістерінің әртүрлілігі: дәрістер, пікірталастар, зертханалық
жұмыстар, жобалар, зерттеулер.
2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу ғылыми мақалаларды оқу,
ғылыми жұмыстардың мәтіндерін талдау, түйіндемелер мен аннотациялар жасау
білім алушыларға мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ақпарат алуға
және әртүрлі көзқарастарды салыстыруға көмектеседі.
3. Топтық жұмыс. Бұл бірлескен жобалар мен зерттеулер, пікірталастар
жүргізу және топтағы жұмыс нәтижелерін талдау білімалушыларға
коммуникативті дағдыларды дамытуға, ұжымда жұмыс істей білуге және
мәселелерді шешуге көмектеседі.
4. Білімді тәжірибемен ұштастыру: зертханалық жұмыстарды орындау,
эксперименттер жүргізу, үлкен көлемде жұмыс істеу және білімалушылардың
материалдарды пайдалануы, деректерді бақылау, талдау дағдыларын дамыту
және ғылыми білімді практикада қолдану.
5. Заманауи технологияларды қолдану: деректерді талдау үшін
компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, деректерді өңдеу.
6. Өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту: өз жұмысын жоспарлау,
басымдықтар мен мақсаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды өз бетінше зерттеу
өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік
нәтижелері негізінен жалпы білім беру және жалпы мәдени даярлықты
қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің күтілетін
нәтижелері негізінен кейінгі кәсіптік білім беруге даярлауға, базалық курста
43
көзделгеннен неғұрлым тереңірек жолымен білім алушылардың жеке
қабілеттерін дамытуға, ғылым негіздерін, жүйелі білімді игеруге бағытталған.
Білім алушыларының пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары
сыныптарда) құзыреттерін дамытудың жоспарланған нәтижелері
1) табиғи құбылыстарды бақылау, нәтижелерді сипаттау және
қорытындылау; эксперимент нәтижелерін жинау және талдау негізінде талдау
жүргізу;
2) жаратылыстану бағытындағы биология, физика, химия, география
ғылымдары арасындағы байланысты сипаттау; табиғи құбылыстардың өзара
байланысын орнату;
3) қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда,
тіршіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды
пайдалануда, сондай-ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін
жаратылыстану бағытындағы білімдерді қолдана білу;
4) әр адам үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің маңыздылығын
түсіндіру, жиналған және өңделген деректерді, кесте, график, хабарлама,
баяндама, презентация түрінде ұсынылатын ақпаратты синтездеу; гипотезалар,
модельдер жасап, зерттеу жүргізу.
Негізгі құзыреттіліктер:
-
ғылыми зерттеуге болатын мәселелерді анықтау;
-
ғылыми ақпаратты табу үшін қажетті кілт сөздерді анықтау; -
жаратылыстану зерттеулерінің негізгі ерекшеліктерін анықтау. Құбылыстарды
ғылыми тұрғыда түсіндіру
-
қажетті жағдайда жаратылыстану білімдерін қолдану;
-
ғылыми негізделген құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру,
өзгерістерді болжау.
Жаратылыстану білімі арқылы негізгі құзыреттерді дамыту үшін
ұсынылатын қажетті минимум:
Физика бойынша:
-
механиканың физикалық шамалары мен түсініктері;
-
электромагнетизм принциптері; әртүрлі физикалық күштердің
құбылыстарға, денелерге әсері; зат пен энергияның өзара әрекеттесуі (мысалы,
жарық пен радиотолқындар, дыбыс және сейсмикалық толқындар).
Химия бойынша:
-
заттың құрылымы (мысалы, атом моделі);
-
заттың қасиеттері (мысалы, заттың күйінің өзгеруі, жылу және электр
өткізгіштік);
-
заттың
химиялық өзгерістері (мысалы, химиялық
реакциялар,
энергияның берілуі, қышқылдар / негіздер); заттарды сапалы талдау әдістері;
Биология бойынша:
-
жасуша құрылымы (құрылымы мен қызметі, ДНҚ, РНҚ, өсімдіктер
мен жануарлар жасушалары);
44
-
тірі организмдердің әртүрлілігі, құрылымы және қызметі (тірі
организмдердің әртүрлілігі, тамақтану, заттардың тасымалдануы, тыныс алу,
қозғалыс, координация және реттелу);
-
популяциялар (эволюция, биологиялық әртүрлілік, генетикалық
вариация);
-
экожүйелер (қоректену тізбектері, заттар мен энергия ағындары); -
биосфера (экожүйелерді қолдау, тұрақты даму).
География бойынша:
-
география ғылымдары жүйесіндегі Геоэкология, Геоинформатика,
геосаясат, геоэкономика, елтану рөлі; табиғатты пайдалану, экономикалық,
әлеуметтік, саяси география және геосаясат саласындағы негізгі ғылыми
ұғымдар; геосфераларға антропогендік әсердің факторлары, көздері мен
салдары; экологиялық тәуекелдер;
-
қазіргі әлемнің кеңістіктік әртүрлілігі, оның жалпы және аймақтық
ерекшеліктері; табиғаттың, халықтың және экономиканың даму заңдылықтары; -
қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелері.
Әрі қарай, кесте түрінде биология бойынша пәндік, метапәндік және негізгі
(жоғары сыныптарда) құзыреттіліктердің мысалдары келтірілген.
«Қоректену» бөлімшесі
Оқу мақсаты: 8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар
азық-түлік тізімін жасау.
1-кесте – «Биология» пәні бойынша мысалдар
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тапсырмалардың күтілетін нәтижелерге бағытталуы
Дәрумендер
мен
денсаулық
арасындағы байланысты
анықтаңыздар
Құзыреттіліктер:
пәндік: денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану
ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіре білу
метапәндік: оқу тапсырмасын орындау үшін ақпаратты
түсіндіре білу
Дәрумен деген не?
Пәндік: дәрумендер және дәремен жетіспеушілігі жайлы
білімі болу Метапәндік:
Өз ойын сауатты және жүйелі жеткізе білу
Достарыңызбен бөлісу: |