56
Пәндік, метапәндік және негізгі құзыреттіліктерді дамыту бойынша
ұсыныстар
Көркем еңбек пәні бойынша мұғалім білім алушыға өз
бетінше
көркемшығармашылық және пәндік-өнімді іс-әрекетті ұйымдастыруға,
көркемдік тұжырымдаманы жүзеге асыру құралдарын таңдауға ынта мен
дағдыларды қалыптастыруды ұйымдастырады.
Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалім білім алушыға мұқият таңдалған
ісшаралар мен тапсырмалардың көмегімен жүзеге асырылатын дамытушылық
және ынталандырушы оқытуды үйрету.
Музыка пәні бойынша мұғалім білім алушыға - өнермен қарым-қатынас
жасауға, көркем шығармалардың мазмұны мен мәнерлі құралдарын талқылауға
және орындауға құштарлығын
ашуына бағыт беру;
Келесі пәндер бойынша талап етілетін ұсынылатын құзыреттер: Музыка
пәні бойынша
-
қазақтың дәстүрлі музыкасының озық үлгілерімен, Қазақстан
халықтарының шығармашылығымен, әлемдік классика және қазіргі заманғы
музыкамен таныстыру негізінде білім алушылардың музыкалық қабілеттері мен
орындаушылық және шығармашылық белсенділігін дамыту;
-
орындаушылық шеберліктерін дамыту – вокалдық және аспаптық:
таза
интонация, ырғақ сезімі, мәнерлі ән айту, шулы аспаптарда ырғақты
сүйемелдеу, домбырада саусақтардың негізгі күйлері мен штрихтары, жеке және
ансамбльдік орындау.
Көркем еңбек пәні бойынша
-
өнер мен дизайнның мәнерлі құралдары арқылы шығармашылық
идеяларды дамыту;
-
объектілерді зерттеу, жасау, талдау, көркемдік түрлендіру процесінде
білімалушылардың шығармашылық және сыни ойлауын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: