85
мүмкіндігі; Бағдарламалау / Робототехника / Жасанды интеллект; Көптілділік;
Экологиялық ойлау және үнемді өндіріс; Клиенттерге бағдарлану және
шығармашылық құзыреттіліктер қалыптасуы қажет.
Еңбекке қабілетті, өз күшіне сенімді жастардың ауқымды базасын құру
үшін мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саясаты және оны іске асыру
қазақстандық жастардың функционалдық сауаттылық дағдыларын нығайтуға
бағытталуы тиіс.
Бұл модульді орта білім беру ұйымдарында жүзеге асыру келесі
ұйымдастырушылық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік мәселелерді
шешуді талап етеді:
•
әртүрлі жас топтарының оқушылары үшін кәсіптік бағдарлау
жобаларының мазмұндық тақырыбының пилоттық (эксперименттік) алаңдар
базасында әзірлеу және байқаудан өткізу;
•
кәсіптік бағдарлау жобаларын жалпы білім беру бағдарламаларына
интеграциялау моделін әзірлеу (оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының
қатысуымен желілік ынтымақтастықты іске асыру арқылы) және үлгілік
нормативтік-құқықтық актілерді (жергілікті, желілік) әзірлеу;
•
модуль шеңберінде жұмысқа тартылатын мектеп педагогтерінің
біліктілігін жаппай арттыруды ұйымдастыру;
•
пилоттық (эксперименттік) алаңдардың жұмыс нәтижелерін
бұқаралық мектептерінің жұмысына тарату.
Достарыңызбен бөлісу: