Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет67/76
Дата29.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#103694
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Байланысты:
каз

Балл қою мен бағалау
 
2-11-сыныптарда педагог «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы 
бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 
бұйрығына сәйкес пәндер бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ жүргізеді.
Формативті және жиынтық бағалау нәтижелері бойынша білім алушыларға 
тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.
ФБ кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қоюмен бағаланады. 
ФБ үшін ең жоғары балл 2-11-сыныптарда 1-ден 10 балға дейін болуы керек, бұл 
ретте 1-3 балл төмен деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 
8-10 балл – жоғары деңгей (9-кесте).
Әр сабақта ФБ жүргізу, білім алушының оқу жетістіктерін күнделікті балл 
қою арқылы тексеру міндетті емес. Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу 
тапсырмаларын және т. б. ескере отырып, оқу жетістіктері үшін балл қою 
мерзімділігін және сабақ үшін балл қойылатын білім алушылардың санын жеке 
анықтайды.
9-кесте - Формативті бағалаудағы баллдарды саралау
Балл 
Сипаттамасы 
1 балл 
оқу тапсырмаларының 10% - на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта 
енжар, мұғаліммен кері байланыс қорытындысы бойынша қорытынды 
жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік көрсетпейді, өткен 
материалды білмейді 


105 
2 балл 
оқу тапсырмаларының 20% - на дейін орындады, қателер жіберілді, сабақта 
енжар, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті 
қорытынды жасай бермейді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік 
көрсетпейді 
3 балл 
оқу тапсырмаларының 30% - на дейін орындады, қателер жіберілді, жіберген 
қателерін түзетуге тырысады, кейде сабақта белсенділік танытады, оқу 
тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің / ата-ананың / құрдастарының 
қолдауына мұқтаж 
4 балл 
оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателер жіберді, қателерді 
түзету кезінде көмекке мұқтаж, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде 
тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады 
5 балл 
оқу тапсырмаларының 50% - на дейін орындады, 5-ке дейін қате жіберді, 
мұғалімнің көмегін қажет етеді, сабақта үнемі белсенді бола бермейді, кейде 
орындалатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады 
6 балл 
оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4-ке дейін қателер жіберді, 
мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта ұқыптылықты танытады, қиындығы 
орташа тапсырмаларды өз бетінше орындай алады 
7 балл 
оқу тапсырмаларының 70% - на дейін орындады, 3-ке дейін қате жіберді, 
қателерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде 
дербестік танытады 
8 балл 
оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателер жіберді, 
мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателерін өз бетінше түзетеді, белсенді, 
тәуелсіз 
9 балл 
оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде 
шамалы дәлсіздіктер жасады, қателермен жұмыс істейді, белсенді, 
тәуелсіз 
10 балл 
100% оқу тапсырмаларын орындады, қателсіз орындады, белсенді, тәуелсіз, 
түсіндіре алады, жауаптарын негіздей алады 
БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15 балдан 
көп емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20 балдан аспайды.
ФБ, БЖБ және ТЖБ балдары электрондық / қағаз журналдарда қойылады. 
ФБ нәтижелері қағаз форматта басып шығаруды және сақтауды талап етпейді, ал 
ағымдағы оқу жылындағы білім алушылардың жазбаша жиынтық жұмыстары 
мектепте осы оқу жылының соңына дейін сақталады.
Педагог «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық 
және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы»ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының мынадай 
ережелерін ескеруі қажет
[1]
:  
1) БЖБ өткізер алдында педагогтар тапсырмалардың оқу мақсаттарына 
сәйкестігін, тапсырмалар көлемін, тапсырмаларды орындауға арналған 
нұсқаулықтарды, орындалу уақытын талқылайды;


106 
2) БЖБ және ТЖБ үшін қорытынды балды қою кезінде оқу 
тапсырмалары мен міндеттерінің шарттарын белгілеу және ресімдеу 
ескерілмейді, мінез-құлық үшін балл төмендетілмейді;
3) БЖБ тоқсанына үш реттен артық емес жүргізіледі. Бөлімдер/ортақ 
тақырыптар тоқсандағы төрт немесе одан да көп бөлімдерді /ортақ 
тақырыптарды оқу кезінде тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу 
мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде жүргізуге 
рұқсат етіледі;
4) оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болғанда, БЖБ бөлімдерді біріктіре 
отырып, тоқсанына екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға 
жартыжылдықта қойылады. Жартыжылдықтағы баға ФБ және БЖБ нәтижелері 
бойынша қойылады;
5) оқу пәндерінің қиындық деңгейін ескере отырып, бір күнде үштен 
аспайтын БЖБ өткізіледі. Тоқсанның соңғы күні ТЖБ өткізілмейді. Бір күнде бір 
оқу пәні бойынша БЖБ және ТЖБ бір мезгілде өткізілмейді;
6) «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және 
бизнес негіздері», «Графика және дизайн», «Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық», «Зайырлылық және дінтану негіздері» және 
бастауыш сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәндері бойынша БЖБ және ТЖБ 
өткізілмейді және бастауыш сыныптағы тоқсан/семестр және оқу жылының 
қорытындысы бойынша «сынақ» («сынақтан өтпеген»);
«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына 
(жаңартылған мазмұны және оқу жүктемесін қысқарту бойынша) сәйкес 2-11 
сыныптарда формативті бағалау қорытындылары бойынша әрбір тоқсанның 
соңында және «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жылының соңында 
«есептеледі»/ «есептелінген жоқ» қойылады.
7) вариативтік 
компонент 
есебінен 
таңдалған 
5-11 
сынып 
оқушыларының оқу пәндері үшін, жиынтық бағалау жүргізілмейді, оқу 
жылының соңында «сынақ» («сынақтан өтпеген»);
8) медициналық себептермен үйде оқитын оқушыларға, ерекше білім 
беруді талап ететін оқушыларға, мұғалім оқу жүктемесін және олармен 
оқытылатын оқу материалын ескере отырып, жеке тапсырмаларды әзірлейді.
9) білім алушының жиынтық бағалауының нәтижелері, балл түрінде 
журналға (қағаз/электрондық) қойылады және ұпайларды өзгерту шкаласы 
бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады (10-кесте).
10-кесте - Балды бағамен белгілену шкаласы
Балдардың пайызы
2-11 
сыныптарда (12) (%) 
Баға 
0 – 39 
қанағаттанарлықсыз – «2» 
40 – 64 
қанағаттанарлық – «3» 
65 – 84 
жақсы – «4» 
85 – 100 
Өте жақсы – «5» 


107 
2-11 (12)-сынып оқушылары үшін оқу пәндері бойынша жылдық баға 
тоқсандық бағалар қосындысының бүтін санға дейін дөңгелектенген орта 
арифметикалық мәні ретінде белгіленеді және қорытынды баға болып табылады.
Бір немесе екі пәннен «2» бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11)-сынып білім 
алушылары үшін мектеп жасаған кестеге сәйкес жүргізілетін оқу жылындағы 
материал мазмұнын қамтитын жиынтық бағалау оқу жылына ұйымдастырылады.
Қорытынды баға жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні және оқу 
жылының жиынтық бағалау бағасы ретінде бүтін санға дейін дөңгелектенеді.
Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға жол 
берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет