ТАҚЫРЫБЫ: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
Артериялық гиперемия
(гр. hyper + haima- қан) – артериялық тамырлар арқылы
қанның келуі өсуінен ағзаның қанмен толуы.
Веналық гиперемия -
веналар арқылы қанның ағып кетуі қиындауынан ағзаның
немесе тін бөлігінің қанмен толуы.
Ишемия
(гр. ischo- кідіру, тоқтату + haima- қан) – артериялық қанның келуі
баяулауынан немесе тоқтауынан дененің, ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен
қамтамасыз етуінің азаюы.
Инфаркт
(лат. infarcire- толтыру, нығыздау) – канмен қамтамасыз ету тез арада
азаюы немесе токтауынан некрозға ұшыраған тіннің бөлігі.
Стаз
(гр. stasis- тоқтау, жылжымау) – капиллярларда, майда артериялар мен
веналарда қан ағысының баяулауы немесе тоқтауы.
Тромбоз
(гр. thrombosis- ұю) – организмнің тіршілігі жойылмаған жағдайда
тамыр кемерлерінің ішкі беткейінде қанның элементтерінен тұратын,
ұйындылардың пайда болу процесі.
Эмболия
(гр. emboli- итермелеп кіргізу, енгізу) – қан немесе лимфа ағысымен
әкелінген денешіктермен тамырлардың бітелуі.
Диапедез
(гр. diapedesis.)-капиллярлар және майда веналардың механикалық
түрде зақымдалмаған қабырғаларынан қанның формалық элементтерiнiң өтуi.
Адгезия
(лат. adhaessio-желiмдеп жабысу)- әр түрлi немесе бiркелкi
жасушалардың бiрiне бiрi, әйтпесе тығыз бетiне (мысалы, тамыр қабырғасына)
желiмдеп жабысуы.
Агрегация
(лат. agregatio- косылу, бiрiгу)- физикалық, химиялық процестердiң
нәтижесiнде әр түрлi (мысалы, қан жасушаларының) немесе бiркелкi
бөлшектердiң бiрiгуi.
Сладж
(
ағылш. sladge- қою батпак,балдыр)- суспензиялық тұрақтылық
төмендеуiнен қанның формалық элементтерiнiң агрегация, адгезия, агглютинация
процестерi.
Достарыңызбен бөлісу: