Жалпы патофизиология


соматикалық жасушаларда спираль тәрiздi  күйiндегi әлсiреген Х-хромосома.  Генеалогия



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1 2

 
соматикалық жасушаларда спираль тәрiздi 
күйiндегi әлсiреген Х-хромосома. 
Генеалогия 
(гр. genea- туу, пайда болу+logos-iлiм) – бiр, немесе бiрнеше 
ұрпақтардың iшiндегi индивидуумдардың арасындағы туыстық байланыстарды
анықтау. 
Дерматоглифика 
(лат. derma- терi+glyfe- әшекейлеу) – саусақтардың ұшындағы 
әшекейлер суретiне, алақан сызықтарының орналасуына қарап тұқым қуалайтын 
ауруларды анықтау. 
Панмиксия 
(гр. pan-бәрi+mixis-араластыру)
 
– еркiн некелесу. 
Инбридинг 
(ағылш. inbred- жақын туыс ата-анадан туу) – некелесетiн адамдардың 
туыстық жақындығы. 
Инцесттiк неке 
(лат. incestus- қан араластыру)
 
бiрiншi деңгейлiк туыстық 
жақындығы бар адамдардың арасындағы неке (әке-қызы, ана-баласы). 
Пробанд 
(нем. proband- шежiренi содан бастайтын адам)

–зерттеушiнiң назарына 


бiрiншi түскен адам. 
Сибстер 
(ағылш. sibs- аға немесе әпке)
 
– бiр ата-аналық жұптың балалары. 
Дандар 
– кiшi популяциялар (1500 ден 4000 дейн адам). 
Изоляттар 
(фр. isoler- шектеу)
 
– кiшi популяциялар (1500 адамға дейiн). 
Гаметопатиялар 
(гр. gamete-жұбай+pathia-дерт)
 
– гаметогенез (ана құрсағы iшiнде 
дамудың 1 күнi) бұзылыстарымен байланысты ұрық дамуының ақаулары. 
Бластопатиялар
(гр. blast- ұрық тiнiне, өсiп келе жатқан тiнге қатысы бар+ pathia-
дерт) – бластогенездiң (ана құрсағы iшiнде дамудың 1-15 күндерi) бұзылуымен 
байланысты ұрық дамуының ақаулары. 
Эмбриопатиялар 
(гр. embrion-ұрық,+ pathia-дерт) – ағза дамуының (ана құрсағы 
iшiнде дамуының 16-72 күндерi) бұзылысымен байланысты ұрық дамуының 
ақаулары. 
Фетопатиялар 
(лат. fetus-ұрпақ+ pathia-дерт - жетiлу) – ана құрсағы iшiнде 
дамуының 72-280 күндерi/ бұзылыстарымен байланысты ұрық дамуының 
бұзылыстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет