Гаплоидты құрам (гр. gaplos-қарапайым, бiр ғана)
– жыныс жасушасындағы
хромосомалардың жинағы. Онда осы түрге тән әр хромосомалар жұбынан бiр ғана
хромосома бар (адамда 22 аутосома+1 жыныстық хромосома).
Диплоидты құрам (гр. diplos- екi еселенген)
– барлық хромосомалардың
жұптық жинағы немесе 2 гаплоидтық құрам.
Кариотип (гр. carion-ядроға қатысы бар+typos-үлгi)
– бiр биологиялық түрге
жататын организмнiң соматикалық жасушаларындағы хромосомдық құрамның
морфологиялық ерекшелiктерiнiң жинағы.
Код – ақуыз молекуласында аминқышқылдарының орналасу ретiн анықтайтын
ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердiң орналасу ретi.
Кодон – белгiлi аминқышқылының полипептидтi тiзбекке енуiн реттейтiн ДНҚ
немесе РНҚ молекуласындағы 3 азот негiзiнен тұратын генетикалық кодтың
бiрлiгi.
Фенокопия (гр. phaino-көрсету+копия)
– организмнiң кейбір белгілерінің сыртқы
орта әсерлерiнен пайда болған, тұқым қумайтын өзгерiстерiнiң тектiк мутацияға
ұқсас болуы.
Фенотип – генотип және сыртқы орта арасындағы қатынастың негiзiнде құралған
организмдегi барлық белгiлер мен касиеттердiң жиынтығы.
Пенетранттық (лат. penetrans- өтетiн)
– тасушының фенотипiнде геннiң көрiну
жиiлiгi.
Экспрессивтiк (лат. expressus- дәл, айқын)
–
сол немесе басқа геннiң фенотиптiк
көрiнiсi.
Мутация (лат. mutatio- өзгерiс)
– генетикалық аппараттың тұрақты өзгеруi.
Мутаген (лат. mutatio- өзгерiс+ genos- туындатушы, тегi)
– мутацияны
шақыратын фактор.
Гендiк мутация – бiр аллельдердiң басқасына ауысуын анықтайтын бөлек
гендердiң iшкi құрылымының өзгеруi.