Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет19/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Қабыну модуляторлары
(қалпына келтiрушi факторлар) -қабунылық реакцияны 
күшейтетiн немесе әлсiрететiн физиологиялық белсендi заттар. 
Экссудация
(ecsudatio-өту) - құрамында белогi бар қанның сұй-ықтығының 
тамырлар қабыргалары арқылы қабынған тiнге өтуi. 
Экссудат
- қабынулық табиғаты бар патологиялық сұйықтық. 
Транссудат
-қабынбаған патологиялық сұйықтық (iсiнген және шемендiк 
сұйықтық). 
Ривальт сынауы-
пунктатта тұнбаға түсетүн серомуциннiң пайда болуы, ол 
экссудаттың қабынулық табиғатын көрсетедi. 
Iрiңдi денешiктер-
бұзылу мен ыдыраудың әр түрлi сатыларындағы қан 
лейкоциттерi 
Эмиграция 
(emigratio- көшу) 

тамырдағы лейкоциттердiң тiнге белсендi өтуi 
Хемотаксис 
(chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу ретi)

химиялық 
тiтiркендiргiштерге немесе олардан керi қарай жасушалардың (лейкоциттердiң) 
белсендi жылжуы 
Хемотаксиндер (цитотаксиндер)
(chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу 
ретi)
 - 
лейкоциттердi қабыну ошағына тарту қабiлетi бар заттар. 
Цитотаксигендер 
(сitos- жасуша, ,+ taxis-орналасу ретi+ gen-тудыратын)

өздiгiнен хемотаксистi тудыра алмайды, бiрақ хемотаксистi белсендiре алмайтын 
заттарды хемотаксиндерге алмасуына жағдай жасайтын заттар. 
Цитопемпсис- 
қан жасушаларын, плазманың майда тамшыларын эндотелий 
жасушасы арқылы қармап алып өткiзетiн белсендi процесi.

Фагоцитоз 
(phago- қорыту, os- аурулық жағдай, ауру)
-
фагоциттердiң бөгде 
заттар мен микробтарды қармау және қорытуы. 
Эндоцитобиоз 
(endo- iште, citos- жасуша, bios- өмiр сүру, өмiр) 

фагоцитоздың 
бұзылуынан микробтың фагоцит iшiнде тiршiлiгiн жалғастыруы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет