Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
 
 
 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары» 
Артериялық гиперемия 
(гр. hyper + haima- қан) – артериялық тамырлар арқылы 
қанның келуі өсуінен ағзаның қанмен толуы. 
Веналық гиперемия - 
веналар арқылы қанның ағып кетуі қиындауынан ағзаның 
немесе тін бөлігінің қанмен толуы. 
Ишемия 
(гр. ischo- кідіру, тоқтату + haima- қан) – артериялық қанның келуі 
баяулауынан немесе тоқтауынан дененің, ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен 
қамтамасыз етуінің азаюы. 
Инфаркт 
(лат. infarcire- толтыру, нығыздау) – канмен қамтамасыз ету тез арада 
азаюы немесе токтауынан некрозға ұшыраған тіннің бөлігі. 
Стаз 
(гр. stasis- тоқтау, жылжымау) – капиллярларда, майда артериялар мен 
веналарда қан ағысының баяулауы немесе тоқтауы.
Тромбоз 
(гр. thrombosis- ұю) – организмнің тіршілігі жойылмаған жағдайда 
тамыр кемерлерінің ішкі беткейінде қанның элементтерінен тұратын, 
ұйындылардың пайда болу процесі. 
Эмболия 
(гр. emboli- итермелеп кіргізу, енгізу) – қан немесе лимфа ағысымен 
әкелінген денешіктермен тамырлардың бітелуі.
Диапедез
(гр. diapedesis.)-капиллярлар және майда веналардың механикалық 
түрде зақымдалмаған қабырғаларынан қанның формалық элементтерiнiң өтуi. 
Адгезия
(лат. adhaessio-желiмдеп жабысу)- әр түрлi немесе бiркелкi 
жасушалардың бiрiне бiрi, әйтпесе тығыз бетiне (мысалы, тамыр қабырғасына) 
желiмдеп жабысуы. 
Агрегация
(лат. agregatio- косылу, бiрiгу)- физикалық, химиялық процестердiң 
нәтижесiнде әр түрлi (мысалы, қан жасушаларының) немесе бiркелкi 
бөлшектердiң бiрiгуi. 
Сладж
(
ағылш. sladge- қою батпак,балдыр)- суспензиялық тұрақтылық 
төмендеуiнен қанның формалық элементтерiнiң агрегация, адгезия, агглютинация 
процестерi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет