Инфильтрациялаушы (инвазивті) өсу (лат. in – ішке + filtratus - cүзілу,
жарып өту) - өспе жасушаларының айналасындағы тіндерге еніп, оларды бұзу
арқылы өсуі; қатерлі өспелерге тән.
Канцероген (лат. cancer- обыр) - қатерлі өспелердің пайда болуына себепкер
фактор немесе заттек.
Канцерогенез - қатерлі өспелердің пайда болу және даму процесі.
Карцинома (грек. karkinos - обыр)
- ішкі ағзаларды, сілемейлі қабаттарды
және терінің
эпителий жасушаларын зақымдайтын қатерлі ісік (обыр)
.
Кахексия (грек. kakos - нашар + hexis- жағдай)- организмнің қатты арып-
азуының, зорығуының соңғы дәрежесі.
Коканцероген - өздігінен өспе дамуын шақыра алмайды, бірақ онкогенді
агенттермен қосылып әсер еткенде өспе туындауын тездететін фактор.
Малигнизация (лат.malidnus- өлімдік, зиянды, қатерлі)
- қалыпты немесе
дерттік өзгерген тіннің жасушаларында қатерлі өспелерге тән қасиеттің пайда
болуы.
Метаплазия (грек. metaplásso - өзгеру, айналу)
- тіннің негізгі түпкі түрі
сақталып, бірақ осы тіннің жетілген (дифференциацияланған) жасушаларының
басқа тіннің жетілген жасушалармен алмасуы.
Метастаз -(meta- арасында орналасу + stasis- жағдай)- басқа өспелік ошақтан
патологиялық материалдың (өспе жасушаларының) тасымалдануы арқылы
өспелік процестің жаңа ошағының пайда болуы. Метастазалар қантамырлар
(гематогендік метастазалар), лимфа тамырлары (лимфогендік метастазалар), ішкі
қуыстар (имплатациялық метастазалар) арқылы тасымалдануы мүмкін.
Онковирус - қалыпты жасушаның өспелік жасушаға ауысуына себепкер
болатын вирус (өспе туындататын вирус).
Онкоген /гр.onkos- өсінді, өспе, genos- шығуы, туындауы, пайда болуы