Жалпы патофизиология


Сладждың классикалық түрі -



Pdf көрінісі
бет16/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1

Сладждың классикалық түрі - эритроциттердің тығыз орналасуымен
шекараларының тегіс емес болуымен және агрегаттардың ірі көлемімен 
сипатталады. 
 Сладждың декстранды түрі - эритроциттердің тығыз орналасуымен, 
шекаралары дөңгелектенген болуымен және агрегаттардың әртүрлі көлемімен 
сипатталады. 
Сладжтың аморфты (түйіршікті) түрі –бірнеше ғана эритроциттерден тұратын, 
түйіршіктер түрінде көрінетін майда агрегаттардың көптеген санымен 
сипатталады.
Агглютинация (лат. agglutinatio-жабысу)- асылып тұрған бөлшектердiң 
(микробтардың, қан жасушаларының) жабысып тұнбага түсуi. 
Лимфа жүйесінің жеткіліксіздігі – лимфа тамырларының негізгі қызметтерін 
орындай алмауы. 
Микроплетизмография – қыл тамырлардың қан толуын зерттеу әдістері. 
Вискозиметрия – қан тұтқырлығын зерттеу әдістері. 
Аглометрия – тромбоциттер мен эритроциттер агрегациясын анықтау әдісі.
 
 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Қабыну» 
Қабыну (inflammatio- жану) -ол эволюцияда ағзаның тiндерi зақымдалуына жауап 
ретiнде дамыған типтiк патологиялық процесс. Ол альтерация, экссудация
пролиферациямен 
сипатталатын 
күрделi 
тамырлық-мезанхимальдi 
бұзылыстармен өтедi. 
Флогоген (phlogos- өрт) - қабынуды шақыратын фактор. 
Альтерация (alteratio-өзгерiс) –зақымдалудың әсерiнен тiндегi қоректену, зат 
алмасу процестерiнiң, оның құрылымы мен қызметтерiнiң бұзылыуы. 
Қабыну медиаторлары –қабыну процесiнiң дамуын және нәтижесiн анықтайтын 
флогегендi факторлардың әсерiн көрсететiн физиологиялық белсендi заттардың 
жиынтығы.
Қабыну модуляторлары (қалпына келтiрушi факторлар) -қабунылық реакцияны 
күшейтетiн немесе әлсiрететiн физиологиялық белсендi заттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет