Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1

Транслокация (лат. trans-бiр нәрсе арқылы өту +locus- орын)  хромосома бөлiгiнiң 
басқа хромосомаға ауысуы. 
Дупликация (лат. duplicatio-екi еселену) – хромосома бөлiгiнiң екi еселенуi. 
Анеуплоидия (гр. an-жоқ, жоққа шығару+euplos-бiр рет+ eidos- түр) – бөлек 
хромосомалар санының өзгеруi. 
Полиплоидия (гр. polyplos- көп рет +eidos- түр) – хромосомалардың гаплоидтық 
құрамының санының еселi өзгерiстерi. 
Жыныстық хроматин (Барр денешiгi)  соматикалық жасушаларда спираль тәрiздi 
күйiндегi әлсiреген Х-хромосома. 
Генеалогия (гр. genea- туу, пайда болу+logos-iлiм) – бiр, немесе бiрнеше 
ұрпақтардың iшiндегi индивидуумдардың арасындағы туыстық байланыстарды
анықтау. 
Дерматоглифика (лат. derma- терi+glyfe- әшекейлеу) – саусақтардың ұшындағы 
әшекейлер суретiне, алақан сызықтарының орналасуына қарап тұқым қуалайтын 
ауруларды анықтау. 
Панмиксия (гр. pan-бәрi+mixis-араластыру) – еркiн некелесу. 
Инбридинг (ағылш. inbred- жақын туыс ата-анадан туу) – некелесетiн адамдардың 
туыстық жақындығы. 
Инцесттiк неке (лат. incestus- қан араластыру) – бiрiншi деңгейлiк туыстық 
жақындығы бар адамдардың арасындағы неке (әке-қызы, ана-баласы). 
Пробанд (нем. proband- шежiренi содан бастайтын адам) –зерттеушiнiң назарына 
бiрiншi түскен адам. 
Сибстер (ағылш. sibs- аға немесе әпке) – бiр ата-аналық жұптың балалары. 
Дандар – кiшi популяциялар (1500 ден 4000 дейн адам). 
Изоляттар (фр. isoler- шектеу) – кiшi популяциялар (1500 адамға дейiн). 
Гаметопатиялар (гр. gamete-жұбай+pathia-дерт) – гаметогенез (ана құрсағы iшiнде 
дамудың 1 күнi) бұзылыстарымен байланысты ұрық дамуының ақаулары. 
Бластопатиялар (гр. blast- ұрық тiнiне, өсiп келе жатқан тiнге қатысы бар+ pathia-
дерт) – бластогенездiң (ана құрсағы iшiнде дамудың 1-15 күндерi) бұзылуымен 
байланысты ұрық дамуының ақаулары. 
Эмбриопатиялар (гр. embrion-ұрық,+ pathia-дерт) – ағза дамуының (ана құрсағы 
iшiнде дамуының 16-72 күндерi) бұзылысымен байланысты ұрық дамуының 
ақаулары. 
Фетопатиялар (лат. fetus-ұрпақ+ pathia-дерт - жетiлу) – ана құрсағы iшiнде 
дамуының 72-280 күндерi/ бұзылыстарымен байланысты ұрық дамуының 
бұзылыстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет