ТАҚЫРЫБЫ: «Өспе өсуінің патофизиологиясы»
Анаплазия (грек. ana
- артқа, кері + plasia - түзілу) –
жасушалардың
құрылымы
мен
биологиялық
қасиеттерінің
өзгерістерге
ұшырауымен
сипатталатын тұрақты дедифференциациясы. Бұл кезде жасушалық тін өзіне тән
функцияларды атқара алмайды, бірақ шексіз өсіп-өну қабілетіне ие болады.
Атипизм (грек. a - жоқ + typos - түрі) - өспе тінін қалыпты тіннен
ерекшелендіретін, биологиялық қасиеттердің жиынтығы.
Биопсия (грек. bios тіршілік +
opsis көру, қөру арқылы қабылдау) - тірі
организмнен тінді кесіп алып диагностикалық мақсатта
микроскоппен зерттеу
Бластома (грек. blastos – өну,ұрық) – қатерлі өспе.
Инфильтрациялаушы (инвазивті) өсу (лат. in – ішке + filtratus - cүзілу,
жарып өту) - өспе жасушаларының айналасындағы тіндерге еніп,
оларды бұзу
арқылы өсуі; қатерлі өспелерге тән.
Канцероген (лат. cancer- обыр) - қатерлі өспелердің пайда болуына себепкер
фактор немесе заттек.
Канцерогенез - қатерлі өспелердің пайда болу және даму процесі.
Карцинома (грек. karkinos - обыр) - ішкі ағзаларды,
сілемейлі қабаттарды
және терінің
эпителий жасушаларын зақымдайтын қатерлі ісік (обыр)
.
Кахексия (грек. kakos - нашар + hexis- жағдай)- организмнің қатты арып-
азуының, зорығуының соңғы дәрежесі.
Коканцероген - өздігінен
өспе дамуын шақыра алмайды, бірақ онкогенді
агенттермен қосылып әсер еткенде өспе туындауын тездететін фактор.
Достарыңызбен бөлісу: