Жалпы психология



Pdf көрінісі
бет151/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

^Қүмарлық 
та үзақ мерзімді және түрақты эмоциялық 
ж ағдай болып табылады. Б ір ақ, кө ң іл-күй ден
айырмашылығы, қүмарлық күшті эмоциялық жағдай. 
Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, 
музыкаға, еңбекке қүмарлықты айтуға болады. Бүл жағымды 
қүмарлықтың үлгілері. Жағымды қүмарлықтар адамды 
үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып 
табылады^У
Жастарға арналған өзінің белгілі хатында И.П. Павлов 
ғылыми-зерттеу жүмысында қүмарлықтың ерекше рөл 
атқаратындығын атап көрсетті: “ғылым адамнан үлкен 
қиындықты жөне үлы қүмарлықты талап етеді. Өз 
жүмысыңыз бен ізденістеріңізге қүмар болыңыздар”.
Үлы Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің және басқа 
кемшіліктердің түп тамыры надандығында, оқымағандығында 
деп түсінеді де, халқының, көңіл-күйін, яғни, сана сезімін 
жетілдіру үшін қазақ жастарын оқуға, білім алуға шақырады. 
Ол:
Мен жазбаймын өленді ермек үшін, 
Жок-барды ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, ойы орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, —
деп бар үмітін оқуға талапты жастарға жүктейді. Абай 
жастарды оқығанда әкім болу үшін емес, ғалым болып, дүние 
тану үшін оқу керек екенін еске салады. қазақ жастарына 
“ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз” деп білім 
жолына қүмартуға ақыл-кеңес берді:
Болмасаң да үқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ кайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз, - дей келіп,
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге...
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге, —
деп, шын қүмарлық үшін, қара бастың пайдасы үшін емес, 
халыққа қызмет ету, оқу, ғылым керек екендігін, жастарды 
соған қүмартуға үндеді.
275


/Қүмарлық сезімі тек ғана адамдарда кездеседі.
к,үмарлық адамның қавдай да болмасын қызыгуымен, 
іс-әрекетімен байланысты. Қүмарлық жағымды жоне 
жағымсыз болып бөлінеді.
Жағымды қүмарлыққа білім алуға, өнерге, ғылымға, 
спортқа т.б. еуестену жатады. Жағымды қүмарлықпен катар 
жағымсыз қүмарлық та кездеседі. Мысалы, нашақорлық, 
ішімдікке салыну, азартгық ойындарга, жеке бастың баюына 
қ та р л ы қ және т.
/Стресстік жағдаилар. 
Стресс 
— ағылшын сөзі, 
қазақшалағанда — күйзеліс мағынасында қолданылады. 
Стресс - кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын 
психологиялық күй. Стресс үгымын канадалық физиолог 
Г. Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық стресстік жағдайлар 
қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі 
күйзелістің нәтижесінде аңғарьілады. Бүл көңіл-күйлер кауіп 
төнген жағдайда, үлкен шамадан тыс дене жоне ақыл-ой 
жүктемелері, тез және жауагаы шешім қабылдау қажет болған 
жағдайда жэне т.б. пайда болады.
Осындай ахуалдар адамзат қызметінің ортүрлі түрлерінде: 
еңбек, оқу, ойын, спорт, адамдардың арасындағы озара 
қарым-қатынас төжірибесінде, өртүрлі дау-дамай ахуаддарда 
кездеседі. Стресстік жағдайлар оте жиі және үзақ мерзімді 
болғанда, адамньщ тек ғана психологиялық жағдайына 
жагымсыз өсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына 
да эсер етеді. Стресстік жағдайлар қан тамырлары жоне ішек- 
қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі 
факторлары болып табылады./


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет