§3. Адам санасы — психика дамуының жогары сатысы
А д ам н ы ң дам у тарихы с а п а л ы қ ж аң а саты , ол
жануарлардың биологиялық дамуының одан бүрынғы
жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың
52
өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық — еңбек әрекетіне көшу
болып табылады. Осы өмірдің нөтижесінде психиканьщ жаңа
түрі — адамның санасы пайда болады.
Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді.
Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе,
табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті
үрдісінде табиғатқа белсенді жөне мақсатгы эсер етеді, оны
өзгертеді, материалды қ ж әне рухани қаж еттіліктерін
қанағаттандыру үшін оған бейімделеді жөне пайдаланады.
Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын
өзгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен
еңбек. Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде
адамның дене жөне психикалық қабілеттері жетілді, оның
миыжене сезім оршндары, психикалық сапалары, қабілеттері
қалыптасты.
Адам санасы ны ң қалыптасуы мен психологиялы қ
сипатгамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы
кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән
психикалық бейнелеуден айырмашылығы — бүл заттық
ш ындықты бейнелеу. Санаға жан-ж ақты сипаттаманы
А.Н.Леонтьев өзінің “Іс-әрекет, Сана, Жеке түлға” атты
еңбегінде берген болатын-ды.
Сана — психика дамуының сапалы ерекше түрі. Жануарлар
дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік үзақ тарихы бар,
алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың
қалыптасу үрдісінде пайда болды. Адамның саналы іс-
өрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден түрады: осы
белгілердің ішінде біріншісі — адамның саналы қызметі,
биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей
ж ағдайда адамдарды ң саналы қы зм еті биологиялы қ
ықпалдарға жөне қажеттіліктерге бағынбайды, олармен
қарама-қарсьшықта болады немесе оларды басып тастайды.
Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі
ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең
бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі — жануарлардың мінез-қүлқынан
адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы білімі мен
ептілігі, бүл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда
берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру
арқылы қальпггасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері,
ептіліктері, мінез-қүлық тәсілдері оның өз тәжірибесінің
53
нәтйжесі емес, үрпақтардың қоғамдық-тарихи тәжірибесін
меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін
жануарлардың мінез-қүлқынан түбірінен ерекшелейді.
Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек
қүралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек
қүралдарын жасайды. Еңбек қүралдарын жасау алғашқы
қауымдагы адамның іс-әрекетін түбірімен өзгертті.
Адам мен жануарлар психикасыньщ арасында ерекше
айырмашылықтар бар. Жануарлардың “тілі” мен адамдардың
тілін ешқандай салыстыруға келмейді. Жануарларда тіл, сөз
болмайды, олар бір-біріне сигнал, белгі бере алады, оның
барлығы интеллекгілік түрде іске асады. Адам баласы тілдің
комегімен басқа адамдармен ақпарат алмасып отырады,
өйткені, бүгіні жэне болашағы туралы бір- бірімен пікір
алысады, қарым-қатынас жасайды. Әрбір жеке адам тілдің
арқасыңда қоғамның ғасырлар бойы жинақталған әлеуметгік
тәжірибесін пайдалана алады және кейінгі оскелең үрпаққа
жеткізеді................
Адамдар мен жануарлардың негізгі айырмашылығы
адамдарда ойлау үрдісінің болатындығы, абстракгілі ойлаудың
дамығандығы болып табылады. Жануарларда бірінші сигнал
жүйесі болады да екінші сигнал жүйесі болмайды, адамдарда
І-ІІ сигнал жүйелері болатындығы адамды жануарлардан
ерекшелейді.
Сана
— психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-
әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи
жағдайының нәтижесі. Сананың қүрылымы, оның негізгі
психологиялық сипаттамасы қандай? Адам санасы бізді
қоршаган дүние туралы білімдердің жиынтыгынан түрады.
Сананьщ қүрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді,
оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып
отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және
қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуга болады.
Сана қогамның жемісі ретінде тек қана адамга тән.
Жануарларда сана болмайды. Психиканың томенгі деңгейі
санасыздықты қүрайды. Санасыздық саласына психикалық
қүбы лы стар кіреді, атап айтқанда, түс көру, әртүрлі
тітір кен д ір гіш тугы заты н жауап р еак ц и ял ар , кейбір
патологиялық қүбылыстар, ауру адамдардың психикасында
кездесетін галлюцинациялар және т.б.
54
Адам психикасы мен жоғары сатьщағы жануарлардың
психикасы ны ң арасы нда ерекш е айы рмаш ы лы қ бар.
Құралдардың көмегімен адам өзінің органдарын күшейтті.
қолмен жүмыс істей отырып, адам ой-өрісін дамытты. Қол
бірте-бірте ыңғайға көніп, ептілікпен түрлі іс-әрекеттерді
орындай бастады. Адам көзі мен қолы дами отырып, өнердің
ғажайып тамаша қүндылықтарын жасауға үйренді. Мөселен,
ондай қүндылықтарға елемдік өнер өкілдерінің Леонардо
да Винчи, Рафаэль, Репин, Суриков, Қастеев жэне т.б. тамаша
туындыларын жатқызуға болады.
Мыңдаған жылдарғы еңбек біздің есту органымыз —
қүлақты жетілдірудің нәтижесінде нәзік айыра білумен қатар,
адам баласына музыканың үлы қайраткерлері Бетховен,
Чайковский, Қүрманғазы және көптеген үлы музыканттар
мүраларын жасауға көмектесті.
Адамның еңбек іс-әрекетінің негізгі ерекшеліктеріне: 1)
еңбек қүралдарын пайдалану және жасау, 2) еңбектің
қоғамдық немесе бірлескен, үжымдық сипаты. Адам еңбек
қүралдарын пайдалана отырып, сол арқылы қандай затгарды
табуға және пайдалануға болатындығын саналы түсінеді.
Еңбек қүралдарын жасау мен пайдалануды саналы түсіну
белгілі еңбек заттарын өндіру және шығаруға қатысты.
Еңбек үрдісі жекелеген еңбек әрекеттерінен түрады, ол
адамдардан үжымдық ынтымақтастықты қажет етеді. Бүл
үжымдық еңбек, егср үжымның әрбір мүшесі еңбектің жалпы
мақсатын түсінген жағдайда еңбектің нәтижесін кореді.
Демек, адам іс-әрекеті үжымдық еңбек іс-әрекеті жағдайында
саналы сипатқа ие болады.
Сана — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-
қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда
болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен
қоғамның зандарын жан-жақты білуге көмектеседі. Осы
зандарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортаға
қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және
бейімделеді. Демек, сана — бейнелеудің белсенді танымдық
және озгертуші түрі.
Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және озара
үжымдық еңбектің қарым-қатынасында тіл пайда болады.
Тіл — адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас қүралы. Тіл
мен сойлеу адамдардың үжымдық еңбек үрдісінде және
бірлескен омірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде
55
|