есімдерін ерекше атауға болады. С.Балаубаев пен
Ш.Әлжановтың басшылығымен 1934 жылы Залкиндтің
“Педология” оқулығы қазақ тіліне аударылды.
30-жылдары А.Темірбеков Орал педагогика институтында
педология мен психологиядан қазақ тілінде студенттерге дәріс
оқыды, қазақ тілінде психология және педология курстарынан
оқулықтар мен оқу қүралдары болмады. Студенттер
А .Х .Темірбековтың басш ылығымен психологиядан
К.Н.Корниловтың, педологиядан П.П.Блонскийдің орыс
тілінде шыққан оқулықтарын пайдалануына тура кедці.
30-жылдары педагогикалық институттарға арналған
психология бағдарламасы профессорлар С ІІ.Рубинштейн мен
К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. Республика
жогары оқу орындарында профессор С.Л.Рубинштейннің
“Жалпы психология негіздері” оқулығы мен профессор
К.Н.Корниловтың “Психология” оқулығы қолданылган
болатын.
“Психологияның қазақ бөлімдері педагогикалық
институттардың жанынан кейінірек ашылды, білімді маман
кадрлардың, ана тілінде психология оқулықтарының болмауы,
ғылыми терминологияның әлі де жеткіліксіз жасалуы көп
уақытқа дейін бүл маңызды шараны іске асыруды тежеген
болатын”1, — деп жазды белгілі психолог-ғалым, профессор
Қ.Б.Жарықбаев.
1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы
студенттерге ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық
жоғары оқу орындарында психология курсын оқьггуды дүрыс
жолға қоюда қазақтың Абай атындағы педагогикалық
институтының педагогика және психология кафедрасы,
меңгерушісі Толеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды.
1947 жылы 13 мамырда КСРО Жоғары білім министрінің
жоғары және арнаулы орта оқу орындары үшін логика және
психология оқытушыларын даярлау туралы бүйрыгы
жарияланды. Жоғары және арнаулы оқу орындары үшін
логика және психология оқытушыларын даярлау мақсатында
1947-1948 оқу жылында Одақтағы басқа да 16 мемлекеттік
университеттердің бірі болып, Қазақтың С.М .Киров
атындағы университетінің филология факультетінің жанынан
логика және психология бөлімі ашылды. Сол жылы Қазақтың
мемлекеттік университеті жанынан логика және психология
мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Алғашқы кезде
Достарыңызбен бөлісу: