1 Жарықбаев Қ .Б. Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің
дамуы. Алматы, 1968, 108-бет.
83
бөлім үйымдасқанда логика және психология мамандықтары
бойынша гылыми кадрлар жетіспеді. Психология кафедрасы
ашылып, белгілі маман кадрлармен бірте-бірте толықты.
Психология бөлімін ашуда және психологиядан ғылыми-
зерттеу жүмыстарын жүргізуде, қ а за қ психология
ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі галым,
корнекті қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат
Т.Тәжібаевтың (1910-1964) үйымдастырушылық жүмысын
ерекше атаган жон. Ол Ш ымкенттің педагогикалық
техникумын үздік тамамдағаннан кейін (Ж.Аймауытов
Шымкент педтехникумының директоры, педагогика жөне
психологиядан дәріс берді) Мөскеудің Н .К .Крупская
атындагы коммунистік тәрбие академиясын 1935 жылы
ойдағыдай бітірді. Т.Тәжібаевты Академия үжымы
аспирантурага қалдырады. Аспирантурада оқыған кезінде
Т.Тәжібаев өлемдік психологияньщ көрнекгі өкілдерімен жете
танысады.
1939 жылы Ленинград қаласында “К.Д.Ушинский -
Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы”
тақы ры бы нда бүрынғы О дақта бірінш і рет орыс
педагогикасының классигі К.Д.Ушинскийдің психологиялық
мүрасын зерттеген түңғыш галым-психолог. Ол Алматыда
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ
университетінде психологиядан қазақ тілінде дөріс берді,
психология кафедрасын басқарды.
Соңгы жылдары Т.Төж ібаевты ң өр ж ы лдарда
республикалық педагогикалық басылымдарда жарияланған
мақалалары жарық корді. Бүл ғылыми мақалалар мен
дәрістердің студентгер мен мүғалімдердің психологиядан бір
жүйелі білім алуына септігі тиді.
Осы еңбектерінде белгілі жүйеге түспей жүрген үлттық
психология терминдерін жан-жақты зерттеп, бір жүйеге
келтіруде біршама еңбектенді.
Т.Тәжібаевтың “Жалпы психология” оқулығы “Қазақ
университет!” баспасынан 1992 жылы жарық корді. Еңбекте
психология ғылымының теориялық негіздері жан-жақты
баяңдалады.
Еліміздің белгілі психолог-ғалымы, бірнеше ғылыми
еңбектердің авторы, Саратов университеті медицина
кафедрасының меңгерушісі Иосиф Лазаревич Стычинский
(1896-1969) 1946 жылы Алматыга келіп, Қазақтың Абай
атындагы педагогикалық институтында психология
кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, соңгы
жылдары оның профессоры болып жүмыс істеді. Ол
84
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында
п си холог-асп и ран ттарға ғылыми ж етекш ілік етті.
И.Л.Стычинскийдің гылыми жетекшілігімен психологиядан
бірнеше гылым кандидаттары даярланды. Бірінші рет
Республикада жоғары жүйке қызметі зертханасы жүмыс
істеді. И.Л.Стычинский И.П.Павловтың іліміне байланысты
бірнеше ғылыми еңбектер жариялады.
Қазақ психология ғылымының қалыптасуында өзіндік
орны бар көрнекті психологтарымыздың қатарына Сәлкен
Балаубаевты (1902-1972) жатқызуға болады. Ол Орта Азия
мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақтьщ Абай
атындағы педагогикалық институтында оқытушы, Қазақ ССР
Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңесте
жүмыс істеді.
С.Балаубаев еңбектері қазақ психологиясы тарихында
елеулі орын алады. С.Балаубаев біраз жыл қугын-сүргінге
үшырады. 1937-1938 ж.ж. заңсыздық пен жеке адамға
табынудың салдары нан көп жылдар үзілістен соң
Қарагандыда үзақ жылдар студентгерге психологиядан дәріс
оқыды, гылыми жүмыспен айналысты. 1966 жылы Абдолла
Темірбековпен бірлесіп, университеттер мен педагогикалық
институттарға арналган “Психология” (Алматы, 1966 ж.)
оқулығын жазды.
Республикада психологиядан алғаш рет кандидаттық
диссертациялар қоргала бастады. Олар: Е .Суфиев,
А.Темірбеков, М.Мүқанов, А.Асылбеков, Қ.Жарықбаев және
т.б.
Қазақстан психологтарының гылыми түргьщан осуіне
Ресей галымдарының комегі орасан зор болды. Москва мен
Ленинградтың жогары оқу орындарының психология
кафедрасында психологиядан бірнеше кандидаттық
диссертациялар қоргалды (Н.Айгабылов, А.Косеубаев,
Г.Айманов және т.б.)
Қазақстанда психология гылымының дамуына елеулі үлес
қосқан психолог ғалымдардың ішінен Абдолла Темірбековты
(1904-1972), Елеш Суфиевті (1919-1980), Мажит Мүкановты
(1920-1985) атауга болады. А.Темірбеков 30-40 жылдары Орал,
Қызьшорда пединституттарында директордың орынбасары,
Қазақтың Абай атындагы педагогикалық институтында
факультет деканы, Өскемен педагогикалық институтының
ректоры , кейінгі жылдары Алматы шет ел тілдері
институтының педагогика жэне психология кафедрасының
меңгерушісі қызметтерін атқарды.
85
Е.Суфиев (1919-1980) Оралдың А.С.Пушкин атындағы
педагогикалық институтының химия-биология факультетінің
түлегі. Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық
институтын бітіргеннен кейін мектептерде үстаздық қызмет
атқарды. Соғыстан кейінгі жылдардан 80-жылдарға дейін
Ақтобе, Алматы, Шымкент қалаларындағы оқу орындарында
психологиядан дәріс оқыды.
Е. Суфиев көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс
тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зертгеді.
Қазақ психология ғылымының дамуына ерекше үлес
қосқан психолог-ғалымдарымыздың қатарына Мажит
Мүкановты (1920-1985) жатқызуға болады. Ол Ленинградтың
Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын 1949 жылы
тамамдағаннан кейін, Қазақ университетінің аспирантурасын
бітіреді, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың ғылыми
жетекшілігімен психологиядан кандидаттық диссертация
қорғайды. 1953-1960 жылдардың аралығында Алматының
шет тілдер педагогикалық институтының, 1960-1985 жылдары
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының
психология кафедрасының меңгерушісі болды.
М.Мүқанов 1980 жылы психологиядан түңғыш рет
Қазақстанда докторлық диссертация қоргап, кейін профессор
ғылыми атағын алды.
Ол — жалпы психология, жас және педагогикалық,
психология, этнопсихологюздан оннан астам еңбекгің авторы.
М әселен, “ Бақылау ж әне ойлау” ,
Алматы, 1959;
“Педагогикалық психология очерктері”, Алматы, 1950; “Ми
және сана”, Алматы, 1956; “Жан дүниесінің сыры”, Алматы,
1964; “Ақыл-ой өрісі”, Алматы, Қазақстан, 1980; “Жас және
педагогикалық психология”, Алматы, 1982.
Республикада бүл жылдары психологиядан бірнеше
кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Абай атындағы
Қазақ педагогикалық институтында психологиядан дәріс
оқыған галымдардың бірі - Әбдірахман Асылбеков (1907-
1970). Ол — бірнеше гылыми еңбектер мен мақалалардың
авторы, әсіресе, оның “Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу”
(1958), “Қогамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға
коммунистік тәрбие беру” (1959), “Бала төрбиесіңде семьяньщ
рөлі” (1969). “Мектеп окушыларыңда ынтаның қалыптасуы”
атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Кәрім Қойбағаров (1928-1985) - Қазақ мемлекеттік
университетінің логика және психология бөлімін 1951 жылы
алғашқы бітірген түлекгерінің бірі. 1951-1954 жыдцарға дейін
психология кафедрасының аспирантурасын оқып бітіреді.
86
“ С ұлтанм ахм үт
Т орайғы ровты ң
п сихологиялы қ
к ө зқ а р а ста р ы ” деген тақы ры пта бірнеш е ғылыми
мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған “Жалпы
психология” (Алматы, 1980), “Жас педагогикалық
психология” (Алматы, 1987), “Семья өміріндегі әдеп және
психология” оқулықтарын аударушыларының бірі болды.
Ата-аналар мен мүғалімдер үшін жазған оның “Балаларды
мектепке әзірлеу” (1961), “Балаларды адамгершілік сезімге
тәрбиелеу” сияқты еңбектері дүниеге келді.
60-жылдардың бас кезіне дейін Республикада қазақ тілінде
психологиядан оқу қүралдары болмады. Қазақ тілінде алғаш
“Мектеп” баспасынан Қ.Б.Жарықбаевтың “Психология” оқу
қүралы 1962 жылы жарық көрді. Бүл оқу қүралы кейіннен
бірнеше рет өнделіп, қайтадан басылып шықты. Мәселен,
профессор Қ.Б.Жарықбаевтьщ “Психология” оқулығы 1972,
1982, 1993, 2002, 2004, 2005 жылдары жарыққа шықты.
2005 жылы профессор Қ.Б.Жарықбаевтың жогары оқу
орындарына арналган “Психология негіздері” оқулығы қазақ
бөлімі студенттерінің қолдан-қолга түспейтін кітабы болды.
Қ.Б.Жарықбаев әл-Фараби атындагы Қазақ үлттық
университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының
докгоры, психология ғылымдарыньщ докгоры, Қазақстанньщ
еңбек сіңірген гылым және техника қайраткері, Т.Тәжібаев
атындағы этнопедагогика және этнопсихология орталығының
директоры. Ол — психология ғылымының әртүрлі саласынан
50-ден астам жеке кітаптың (оқулықтар мен оқу қүралдары,
монографиялар, әдістемелік басылымдар, терминологиялық
сөздіктер т.б.) және 800-дей мақаланың авторы. Оның
гылыми-зерттеу жүмысының негізгі бағыты — қазақ
халқының психологиялық ой-пікірлерінің тарихы мен
этнопсихологиясы мәселелері.
XX
гасы рды ң 70-80-ж ы лдары нда Республикада
психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу
жүмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң,
әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу
жүмыстары орындалып, бірнеше еңбектер дүниеге келді. Бүл
жерде
Қ .П Іер н и язо ван ы ң ,
Ж .Т үрікп ен үлы н ы ң ,
С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың, ЖДүйсенбековтың,
Б.Орманбаеваның зерттеулерін атаған жөн.
Психологияньщ басқа да жекелеген салаларынан бірнеше
сүбелі еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, Ө.Жокебаев
“Қылмыскер мінез-қүлқының әлеуметтік-психологиялық
а сп ек тіл ер і” , Ғ .Д осп олов “Алдын ала тергеудің
п си х о л о ги ясы ” , С .Ж ақы пов “Таным өрекетінің
87
психологиясы” Ә.Алдамүратов, Қ.Рахымбеков “Жалпы
п си х о л о ги я” , “ Қ ы зы қты п си х о л о ги я” , Ғ .И леш ев
“Медициналық психология”, К.Оразбекова “Иман жөне
инабат” т.б.
Соңғы жылдары жеке түлғалар М .Ж үм абаев,
Ж.Аймауытовтың психологиялық кезқарастары туралы
диссертациялар қорғала бастады (А.Мералиева, Ж. Сабирова).
Сонымен қатар Қазақстанда жүргізілген іргелі зерттеулердің
қатарына қорғалган докторлық диссертацияларды жатқызуға
болады. В.К.Ш абельниковтың “Әрекеттің жоспарлы
қалыптасу жағдайындағы функционалдық қүрылысы
генезисінің психологиялы қ м еханизм дері” (1990),
ЖНамазбаеваньщ “Арнайы мекгептердегі шәкірт түлгасының
қалы птасуы ” (1986), Б .Х ам зи н н ің “ Ш өкірттердің
конструктивті-техникалық өрекетінің қалыптасуындагы
операциялық пен түлғалардың бір-біріне өсері” (1989),
НАЛогинованың “Бекгерев пен Ананьевтің ленинградтық
ғылыми мектебінің сабақтастығы” (1990), В.Е.Клочконың
“А қы л-ой
өрекетінің
и н и ц и а ц и яс ы ”
(1983),
С.М.Ж ақыповтың “ Оқыту үрдісінің психологиялык
қүры лы м ы ” (1998), А .М .К и м н ің “ Қ азір гі түсін у
психологиясы” (2001), Қ.Б.Жарықбаевтың “Қазақстандагы
психология ғылымы (XX ғ. тарихы мен даму кезендері)”
(2003), С.Бердібаеваның докторлық диссертацияларын1
ерекше атап өткен жөн.
70-90-жылдарда түрлі баспалардан п роф ессор
Н.Жанділдиннің “Үлтгық психолошяньщ табиғаты” (Алматы,
1971), профессор М.Мүқановтың “Ақыл-ой өрісі” (Алматы,
1980), профессор Н .Елікбаевтың “ Қ азақ үлты ның
психологиясы” (Алматы, 1992), К.Жукештің “Үлттық
психологияның табигаты” (Алматы, 1993) монографиялары
жарық көрді.
Соңгы жылдары этнопсихологияның әртүрлі мөселелері
төңірегінде проф ессор Қ .Ж ары қб аев, п роф ессор
В.К.Шабельников, доценттер С.Бердібаева, Р.Рахымбеков
т.б. бірнеше еңбектер жазды.
Мәселен, Қ.Жарықбаевтың “Этнопсихология — тіл
тәрбиесінің өзегі” (Алматы, “Білім”, 2005), “Ортағасырлық
қ а за қ психологиясының тарихы” (Алматы, “ Қ азақ
Достарыңызбен бөлісу: |