Жалпы психология



Pdf көрінісі
бет120/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология


Абстракция -
 латын созі. abstractio - казакшалагзііла буру,
аудару дсгсн магынада колданылады.
231


Жалпылау жэне нактылау. Жалпылау — бүл ойлау арқьшы 
бейнеленетін көптеген заттардың үқсас, мәнді белгілерінің 
осы заттар туралы бір үғымда ойша бірігуі. Мәселен, алмада, 
алмүртта, апельсинде, алхорыда жэне т.б. бар үқсастық 
белгілер бір “жеміс-жидек” деген үғым арқылы беріледі, 
жалпылама ойлау абстракциялық іс-өрекетімен тығыз 
байланысты. Кейбір заттар мен қүбылыстардың үқсас 
белгілері жалпыланады, ол абстракциялау үрдісінде бөлініп 
көрсетіледі.
Жалпылау да абстракция сияқты сәздер көмегімен іске 
асады. Кез-келген сез жалпылық мағынаны білдіреді. 
Мысалы, мал деген сөзді айта отырып, коптеген жеке 
белгілерден түратын ойды білдіреміз.
Абстракциялау мен жалпылаудың ойлау төсілдері екінші 
сигнал жүйесінің ерекшеліктерінің негіздеріне сүйенеді.
Нақтылау — бүл жалпыға сөйкес келетін жалпыдан 
жалқыға ойша кешу.
Нақтылау — бүл ойлау тәсілі, оны іске асыру барысында 
белгілі абстракциялық — жалпылық ойлауға заттың 
көрнекілік сипат беруін айтады. Нақтылау деп абстракциядан 
жөне жалпылаудан кері заттар мен қүбылыстарға көшуді 
айтады. Мөселен, ағаш деген сөз жалпылық мағынада 
қолданылса, нақтылағанда қарағай, қайың, емен, шырша т.б. 
деп жалқыға ойша кошуге болады.
Оқу үрдісінде де нақтьшаудьщ атқаратын қызметі ерекше. 
Оку үрдісінде нақтылау дегеніміз, яғни, мысал келтіру, оқу 
үрдісінде нақты мәселелер бойынша корнекі қүралдарды, 
нақты деректерді, ережелерді, зандарды пайдалану. Мөселен, 
грамматикалық, математикалық ережелерді, қағидаларды, 
тарихи қүжаттарды оқу үрдісінде пайдалану.
§5. Ойлаудың түрлері
Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі: үғым, пікір, ой 
қорытындысы.
Үғым — бүл заттар мен қүбылыстардың жалпы жэне 
маңызды касиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Үғым бір- 
бірімен байланысты зат туралы түсініктерден ~ оның 
қасиетгері, жағдайлары, байланыстары жөне қатьшастарынан 
түрады. Әрбір зат, өрбір қүбылыс эртүрлі коптеген 
қасиетгерді, белгілерді иеленеді. Түсініктердің жиынтығы 
үгымды ашып корсетеді жөне осы үғымның мазмүнын 
қүрайды. Неғүрлым заттың маңызды белгілері осы 
түсініктерде байқалса, согүрлым мазмүны жағынан үғым


терең болады. Екі түрлі үгымның түрі кезедеседі: заттық 
немесе нақтылы жөне дерексіз (абстрактылы).
Заттың нақтылы үғымы дегеніміз — заттарга түтас түрде 
қарау, мысалы, стол, адам, есімдік туралы жоне т.б. Дерексіз 
немесе абстрактылы үғым дегеніміз үгымдардың заттар мен 
қүбылыстарға түтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге, 
сапаларға және жағдайларға катысы. Мысалы, ақша туралы 
үғым, адамгершілік туралы үғым, шексіздік, теңдік туралы 
жөне т.б. Айталық, стол үғымы барлық столға қатысты. 
Көлемі жағынан үғым жалқы жоне жалпы болып бөлінеді. 
Жалқы үғымдар дара, жеке затгарға қатысты. Мысалы, 
Жайық пен Еділ туралы, Алматы, Астана — жалқы үғымдар.
Жалпы үғымдар түтас үқсас заттарға қатыстылыгын 
білдіреді. Мысалы, “мал” үғымы жалпы мағынаны білдіреді. 
Кез-келген үғым жалпылық мағынаны білдіреді.
Пікір — м үнда қо р ш аған ортадағы заттар мен 
қүбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар 
жене олардың қасиетгері мен белгілері бейнеленеді. Пікір -
бүл кандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару 
түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Пікірде біз заттың шын 
болуьі туралы қолдаймыз немесе жоққа шыгарамыз, затгарда 
белгілердің, қасиеттердің жөне қатынастардың болуын 
қолдаймыз немесе жокқа шығарамыз. Пікір сөздерде, 
сейлемдерде байқалады. Тілдік материалсыз біз бірде-бір 
ойымызды қүрастыра жөне айта алмаймыз. Пікірлерде ойлау 
үрдістерінің нөтижелері орындалады, бірақ сол уақытта пікір 
ойлау түрлері болып табылады. Ойлау пайымдау арқылы 
жүріп отырады. Біздің пікірлеріміз бір затка қатысты болуы 
мүмкін немесе түтас заттардың тобына, немесе заттар 
тобының боліктеріне қатысты болуы мүмкін. Бір затка 
немесе оқиғаға қатысты пікірлерді жеке пікірлер деп атайды. 
Мысалы: “Астана — Қазақстан Республикасының орталығы”, 
“Алматы — Қазақстан Республикасының бас қаласы”. 
Затгардың біртүтас тобына арналған пікірлерді жалпы 
пікірлер деп атайды. Мысалы, “Барлық металл — электр 
өткізгіштер”. Қоршаған дүниедегі затгар мен қүбылыстар 
туралы пікірлер ақиқат шындық және жаңсақ немесе қате 
болуы мүмкін. Ақиқат пікірлер дегеніміз шьіндыққа сөйкес 
келетін, шындықты дүрыс бейнелейтін пікірлер. Мысалы, 
“Атырау қаласы Жайық өзенінің бойында орналаскан , 
“Каспий теңізі — балыққа бай теңіз”. Жаңсак немесе кате 
пікірлер дегеніміз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет