терең болады. Екі түрлі үгымның түрі кезедеседі: заттық
немесе нақтылы жөне дерексіз (абстрактылы).
Заттың нақтылы үғымы дегеніміз — заттарга түтас түрде
қарау, мысалы, стол, адам, есімдік туралы жоне т.б. Дерексіз
немесе абстрактылы үғым дегеніміз үгымдардың заттар мен
қүбылыстарға түтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге,
сапаларға және жағдайларға катысы. Мысалы, ақша туралы
үғым, адамгершілік туралы үғым, шексіздік, теңдік туралы
жөне т.б. Айталық, стол үғымы барлық столға қатысты.
Көлемі жағынан үғым жалқы жоне жалпы болып бөлінеді.
Жалқы үғымдар дара, жеке затгарға қатысты. Мысалы,
Жайық пен Еділ туралы, Алматы, Астана — жалқы үғымдар.
Жалпы үғымдар түтас үқсас заттарға қатыстылыгын
білдіреді. Мысалы, “мал” үғымы жалпы мағынаны білдіреді.
Кез-келген үғым жалпылық мағынаны білдіреді.
Пікір — м үнда қо р ш аған ортадағы заттар мен
қүбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар
жене олардың қасиетгері мен белгілері бейнеленеді. Пікір -
бүл кандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару
түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Пікірде біз заттың шын
болуьі туралы қолдаймыз немесе жоққа шыгарамыз, затгарда
белгілердің, қасиеттердің жөне қатынастардың болуын
қолдаймыз немесе жокқа шығарамыз. Пікір сөздерде,
сейлемдерде байқалады. Тілдік материалсыз біз бірде-бір
ойымызды қүрастыра жөне айта алмаймыз. Пікірлерде ойлау
үрдістерінің нөтижелері орындалады, бірақ сол уақытта пікір
ойлау түрлері болып табылады. Ойлау пайымдау арқылы
жүріп отырады. Біздің пікірлеріміз бір затка қатысты болуы
мүмкін немесе түтас заттардың тобына, немесе заттар
тобының боліктеріне қатысты болуы мүмкін. Бір затка
немесе оқиғаға қатысты пікірлерді жеке пікірлер деп атайды.
Мысалы: “Астана — Қазақстан Республикасының орталығы”,
“Алматы — Қазақстан Республикасының бас қаласы”.
Затгардың біртүтас тобына арналған пікірлерді жалпы
пікірлер деп атайды. Мысалы, “Барлық металл — электр
өткізгіштер”. Қоршаған дүниедегі затгар мен қүбылыстар
туралы пікірлер ақиқат шындық және жаңсақ немесе қате
болуы мүмкін. Ақиқат пікірлер дегеніміз шьіндыққа сөйкес
келетін, шындықты дүрыс бейнелейтін пікірлер. Мысалы,
“Атырау қаласы Жайық өзенінің бойында орналаскан ,
“Каспий теңізі — балыққа бай теңіз”. Жаңсак немесе кате
пікірлер дегеніміз
Достарыңызбен бөлісу: