Жалпы психология



Pdf көрінісі
бет70/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

алмайды,
бірак. кез-келген таным үрдісінің іске асу шарттарын 
сипатгайды.
Зейін томеіщегідей қызметтерді атқарады: психологиялык, 
жоне физнол огиял ық үрдістердің қ аж еттер ін ін
белсенділіктерін арттырады және қажетсіздерін тежеп 
отырады, түскен ақпаратгы мақсатгы, үйымдасқан іріктеуге 
комектеседі, белгілі бір нысанага белсенділікті үзақ уақыт 
шогырландыруга комектеседі.
Зейін туралы оте маңызды теориялық түжырымды 
Т.Я.Гальперин үсынган болатын. Оның зейін туралы 
түжырымдамасының негізгі қағидалары төмендегідей:
150


1. Зейін бағдарлы зерттеу іс-әрекетінің сәтгерінің бірі 
болып табылады. Ол қазіргі кезде адам психикасыньщ, 
бейнесінің, ойының мазмүнына баіъпталған психологиялық 
іс-әрекет болып табылады.
2. Өзінің қызметі жағынан зейін осы мазмүнды бақылау 
болып табылады. Адамның іс-әрекетінде бағдарлы, 
орындаушылық және бақылау функциялары кездеседі.
3. Белгілі бір өнім өндіретін басқа іс-өрекеттерден 
ерекшелігі бақылау іс-өрекеті немесе зейіннің белек, жеке 
нөтижесі болмайды.
4. Зейінде бақылау өлшемдердің, үлгінің көмегімен іске 
асады, ол іс-әрекеттің нәтижесін салыстыруға және оны 
анықтауға көмектеседі.
5. Ерікті зёйін — жоспарлы зейін, бақылау алдын ала 
жасалған жоспар бойынша іске асады.
§2. Зейіннің физиологиялық негіздері
Зейіннің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында 
болатын негізгі жүйке үрдістері — тежелу мен қозудың 
өзара әрекетінің тетігі жатады. Зейін үрдісінде адамды 
қоршаған ортада көптеген басқа заттардың ішінен белгілі 
бір затгы, нысанды ерекше бөліп, соған санасын бағыттайды, 
an басқа заттар қабылдаудың жалпы фоны болып табылады. 
Физиологиялық түрғыдан бүл белгілі бір жүйке орталықтары 
қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П. Павловтың 
негіздеген жүйке үрдістерінің индукциясы заңы бойынша бас 
ми алабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса, 
бас мвдің басқа боліктерінде тежелу үрдісін шақырады.
Бас ми алабында үйымдасқан қозу орталығы барлық 
басқаларына үстемдік етеді, оны доминанта деп атайды 
(немесе қозудың оптималді орталығы), ал мвдың калган 
боліктері индукция заңы бойынша тежеледі.
И.П.Павловтьщ қозудың оптималді орталығы туралы ілімі 
зейіннің физиологиялық негізі болып табылады. Зейіннің 
физиологиялық негіздерін анықтау үшін академик 
А.А.Ухтомскийдің үсынган доминанта қағидасының мәні 
зор. Бүл принцип бойынша, мида әруақыгга да қозудың 
үстемдік ететін орталығы болады. Ол озіне мига бара жатқан 
барлық қозуларды шакырады және осының арқасыңда оларға 
үстемдік етеді. Осындай орталықтың пайда болу негізі 
тітіркендіргідггің күші ғана емес, сонымен катар бүкіл жүйке 
жүйесінің толық жағдайына байланысты.
151


Сонымен, доминанта деп бір уақьпта адам санасына эсер 
еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен беруінің басқаларға 
үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомский зерттеулері 
бойынша жүйке 
жүйесіне эсер еткен көп теген
тітіргендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті 
эсер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталығы пайда 
болады. Бүл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас 
мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. 
Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында 
қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесіңде 
осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик 
Ухтомский оны доминанта деп атаған еді.
Доминанта бар кезінде қозудың басқа орталықтары (элсіз 
тітіркендіргшггер - “субдоминанталар”) кэп жағдайда жоғалып 
кетпейді. Олар доминантамен бірігіп кетеді, оны күшейтеді 
немесе доминантаға қарсы күреседі. Осы күрестің нөтижесінде 
субдоминангалар өздері доминанта болуы мүмкін, ал бүрынғы 
доминанта субдоминантаға айналады. Доминанта қозудың 
үстемдік орталығы ретінде біздің зейініміздің белгілі бір 
затқа бағьпталуы мен жинақталуының физиологиялық негізі 
болып табылады.
Зейін коп жағдайда организмнің ерекше бейімделуі 
озгерістеріне байланысты аңғарылады. Мәселен, затгар мен 
қүбылыстарды көру қабылдауы арқылы зейін қоюда біздің 
козіміз затқа немесе қүбылысқа ерекше бағытталады, көзді 
алмай қарайды. Дыбысты қабылдауда да зейін салып 
тыңдаймыз, біз мойнымызды бүрып, үйып тындаймыз. Егер 
де зейін шығармашылық қиялмен байланысты болса, адам 
көзі алысқа бағытталған болады. Ой үстінде зейін салудың 
ерекшеліктері бар. Зейіннің күшеюіне байланысты тыныс 
алу да сирекгейді немесе үзара бастайды. Зейін қою кезінде 
бүлшық ет жүйесінде де өзгерістер іске асады. Барлық артық 
қозғалыстар азаяды. Бүлшық ет жүйесі ерекше жағдайда 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет