бірнеше сезім органдары істен шыққанда, адамның миы,
оның жүйке жүйесі жаңа жағдайға бейімделеді жөне қалған
сезім органдары күшті дами түседі.
“Соқырдың көруі”, “Саңыраудың естуі” сөз тіркестері
бір қарағанда мағьшасыз сияқты көрінгенмен, бірақ бүл олай
емес. Өмірде көп кездеседі, адам көзінен немесе қүлағынан
айырылады, ал кей жағдайда екеуінен бірдей кеміс болады.
Осындай жағдайда оны қоршаған ортада бағдарлаудан, өмір
сүру және еңбек ету мүмкіншіліктерінен айырылды деуге
бола ма? Олай емес. Басқа сау сезім органдарыньщ сезгіштігін
дамыту белгілі деңгейде көз бен қүлақтың жүмысының
орнын толтырады. Бүл туралы көптеген мысалдар келтіруге
болады. Мәселен, көзінен айырылған адам мүсіндеу өнерімен
айналысып, тамаша жетістіктерге жеткен, оларда сипай сезу
органдары ерекше жетілгендіктерін аңғартты.
Музыкалық шығармаларды сыбызғыда орындау жогары
есту дыбысының дамуын қажет етеді, ал сыбызғышыларда
ол пианистерге қараганда ерекше дамыган.
Мәселен, тәжірибелі үшқыштар есту түйсігі арқылы
үшақтың двигателінің айналу санын өте жеңіл анықтай
алады. Олар минутына 1300-ден 1340 айналымды еркін
ажырата біледі. Корсетілген мысалдардан біздің түйсіктеріміз
омір жагдайының әсерімен дамитындығын аңгару қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: