Жалпы психология



Pdf көрінісі
бет92/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

^Апперцепция -
латын сөзі percentio, қазақшасы - қабыддауға
қосымша мағынасында колданылады.
189


Сондықтан да, мысалы, “түбір” деген сөзді қабылдағанда 
әртүрлі мамандық екілдері әртүрлі мағынада қабьщдайды. 
Түбірді ботаниктер шептің түбірі, теректің түбірі деп 
қабылдауы мүмкін, математикгер — квадрат немесе куб 
түбірі, тілші сөздің түбірі, тіс дөрігері — тістің түбірі деп 
өртүрлі қабылдайды. 
.
“Реакция” деген сөзді қоғамтанушылар, химиктер және 
психологтар әртүрлі мағынада қабылдаған болар еді.
Сол сияқты бірдей жеміс бағын суретші, агроном, сауда 
қызметкері әртүрлі қабылдар еді. Бақты қабылдауда олардың 
ерқайсысында өздерінің багыттары болуы мүмкін, олардың 
әрқайсысы бүл бақты оздерінің көзқарасы түрғысынан 
қабылдайды. 
;
Иллюзия
Қабылдау қоршаган ортаның заттары туралы абсолюттік 
түрде дүрыс түсінік бере бермейді. Кейде заггарды біз, теріс, 
өзгерген түрінде қабылдаймыз.
Осындай теріс, өзгерген түрде қабылдауды иллюзия деп 
атайды. Көру иллюзияларының табиғаты әлі де анықталып 
болған жоқ. Сондықтан да ол қабылдаудың кейбір 
ерекшеліктерінің салдарынан болса керек. Адам тәжірибесі, 
қызметі теріс қабылдауды дүрыс қабылдаудан бөліп 
қарастыруға көмектеседі. Сонымен қатар иллюзиялар -
салыстырмалы түрде сирек кездесетін қүбылыс. Қабыл- 
дау — қоршаган дүниені дүрыс бейнелеу болып табылады.
1. Жарық пен бояудың иллюзиясы. Кейде 
заттарды
қабылдауда қателесу болады. Теріс қабылдаулар (иллюзиясы) 
өртүрлі анализаторлардың қызметінде байқалады. Көп 
жағдайда көру иллюзиясьшда қателесу жиі кездеседі. Жарык, 
ашық түсті заттар күңгірт түсті заттарга қарағанда бізге 
үлкен сияқты көрінеді.
Мысалы, қара койлек киген әйелден, ақ көйлек киген 
әйел толық көрінеді. Көлденең сызықты киім киген адамнын 
денесін толық көрінеді де, ал тік сызықты киім киген дене 
үзарады.
Сол сияқты арық адам ақ киім кисе, толығырақ сияқты 
болып көрінедіі Мысалы, көк түсті болме көлемі қызыл 
түспен боялған бөлмеден кеңірек сияқты болып көрінеді.
2. Контраст (қарама-қарсы) иллюзиясы тәжірибеде жиі 
кездеседі.
3. Салмақ иллюзиясы — колемі жагынан кішкентай зат, 
бірақ салмағы жағынан бірдей үлкен затпен салыстырғанда


өте ауыр болып қабыдданады. Онда мынадай зандылық бар: 
көлемі жағьшан кішкентай зат салмағы жағынан жеңіл болу 
керек.
Мысалы, егер бірінен соң бірін көлемі жағынан екі бірдей 
затты қолымызға алсақ, онда үлкен зат жеңіл сияқты 
қабылданады, ал кішкентай затгы ауыр сияқты қабылдаймыз. 
Осы завдылыққа байланысты металдан жасалған 1 кг кір, 
1 кг мақтаға қарағанда ауыр сияқты көрінеді. Екеуінің 
салмағы бірдей болғанмен, теріс қабылданып түр.
Иллюзиядан галлюцинацияны айыра білуіміз қажет. 
Иллюзия қабы лданаты н затты теріс қабылдау, ал 
галлюцинациялар1 — бүл жалған қабылдаулар. Галлюцина­
ция — ж оқты бардай қабылдау, жалған қабылдау. 
Галлюцинация — бүл тек қабылдау ретінде субъективтік 
көңіл-күйдің елестері болып табылады. Қазақта “қорыққанға 
Қос көрінеді” деген бар. Мысалы, түнде қорқып келе жатып, 
адам алдындағы кездескен заттардың бәріне қорқып, 
қорқыныш сезімін білдіреді, көз алдына әртүрлі елестер 
келеді. Кез-келген кездескен қүбылысты қорқыныш 
сезімімен елестетіп, жоқты бардай қабылдайды.
Галлюцинациялар — негізінен патологиялық сипатгағы 
Қүбылыстар, олар жүйке жүйесінің бүзылуы мен жүйке 
ауруларьша (ішімдік, нашақорлық) шалдыққан адамдарда жиі 
кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет