Бірақ қабылданатын уақыттың үзақтығы тек біздің
санамыздың мазмүнымен анықталып қоймайды, сонымен
қатар адамдардың уақытқа жөне сананың өзгермелі
мазмүнына қатысымен анықталады. Бүл қатынас біздің
зейініміздің бағытгылығында және эмоциялық коңіл-күйінде
байқалады. Егер қазіргі жағдай бізді қанағаттандырмаса,
біздің зейініміз белгілі бір сәггі күтуге бағытталса, онда
уақытты біздің қабылдауымыз үзақ болады, уақыт
өтпегендей көрінеді. Мәселен, адам өз өмірінде болатын
қызықты сәттерді күту үстінде, уақыт отпейді. Адам
ауырғанда, үйқысы қашқанда да солай. Керісінш е,
психикалық көңіл-күйлері бай және адам зейіні толықтай
бүл кеңіл-күйлерге берілген жағдайда уақыт ете қысқа сияқты
керінеді. Бүл жағдайда “уақыт белгісіз өтіп жатыр” дейміз.
Егер біздің санамыздың мазмүны жағымды эмоцияға
толы болған жағдайда уақыт тез өтеді.
Мысалы, сыныпта сабақ өте қызықты, тартымды отетін
болса, онда шәкірттер сабақтьщ қалай аяқталғандығын білмей
де қалады. Ал егер шөкірт сабаққа ешқандай қызықпай,
сабақ тартымсыз, сылбыр отетін болса, онда шәкірт сабақтың
мазмүнымен қызықпай, сабақтың тез аяқталуын, қоңырауды
күтумен болады. Тікелей уақытты қабылдау коп жағдайда
дәл еместігімен, субъекглігімен ерекшеленеді. Уақыттың
үзақтығын біз көп жағдайда бағалай алмаймыз немесе асыра
бағлаймыз.
Сондықтан да адамдар уақытгың объективтік олшемдерін
пайдаланады. Осындай объективтік олшемдер ретінде ертеден
бірыңғай қозғалаты н заттардың к ү н н ің , айды ң,
жүлдыздардың, сулардың қозғалысы қызмет етті. Қазіргі
уақыттың өлшемі — сағатгың тілдері, маятниктің бірыңғай
қозғалысы болып табылады.
И.П. Павлов иттерде уақыт аралығында шарггы рефлекс
қалыптастырды. “Уақытқа рефлекс” ретінде әрбір адам өзінің
жеке басын тәрбиелеуге тиісті. Мысалы, өзін белгілі бір
уақытга, таңертең оянуға үйретуге дағдылану қажет. Уақытты
сезіне білу адам еңбек әрекетінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: